09.06.2008, 12:55 1688

Мамандар Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы минералды су қорының азая түсуіне алаңдаулы

Мамандар Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы минералды су қорының азая түсуіне алаңдаулы

Шымкент. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мамандар Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы минералды су ұңғылары қазіргідей қарқынмен пайдаланыла беретін болса, жер асты минералды бассейні тартылып қалады деп алаңдаушылық білдіреді, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық "Южный Казахстан" газетіне сілтеме жасап.

"Кейінгі он жылда біз су қорының үштен бір бөлігінен ойламсыздықтан айрылдық. Менің бұл тұжырымым 2004 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан 506-Д ұңғысының жұмысына жүргізілген мониторингіге негізделеді. Кейінгі 4 жылда судың өзіндігінен толуы секундына 5-тен 1,71 литрге дейін азайды. Біз табиғаттың бізге берген сыйы - термоминералды суды біртіндеп құрдымға жіберудеміз", - деді "Курорт -Барс 2030" ЖШС директоры Молдалы Қолдас.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны