11.04.2014, 19:44 2943

"Мамандарды мектеп қабырғасынан дайындаймыз" жобасы аясында Қызылорда оқушылары қала кәсіпкерліктерін аралауда

Қызылорда облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының білім беру басқармасымен бірігіп ұйымдастырған "Мамандарды мектеп қабырғасынан дайындаймыз" жобасы аясында Қызылорда оқушылары "Сыр жиһазы" фабрикасын аралады.

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan today. Қызылорда облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының білім беру басқармасымен бірігіп ұйымдастырған "Мамандарды мектеп қабырғасынан дайындаймыз" жобасы аясында Қызылорда оқушылары "Сыр жиһазы" фабрикасын аралады.

"Өндіріс орнына жүргізілетін экскурсия сауықтық шара ретінде өткізілмеуі маңызды. Шара жұмысшы мамандығына деген қызығушылықты дамытып, еңбекке деген құрметті арттырып, жастардың болашақ мамандық таңдауында жауапкершілікті сезіну мүмкіндігін береді", - дейді №23 мектептің директор орынбасары Гүлжан Қаниева.

Техникалық және кәсіптік оқыту мекемесінің сараптама және ынтымақтастық бөлімі басшысы Жанна Ысқақованың айтуынша, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының міндеті балаларға кәсіби-техникалық мамандық өзге де жоғарғы мамандықтар секілді жетістікке жетелеп, сұранысқа ие болуы мүмкін екенін айтты.

Қызылорда облысының мектеп оқушыларында мамандықтармен өңдірісте танысу мүмкіндіктері пайда болды.

Ерте кәсіби баулу жұмыстары қоғамның басты міндеттемелерінің біррі болып табылады. Сол себепті алдағы уақытта аталмыш бағыттағы жұмыстарды жалғастырыла түспек, дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны