26.01.2021, 17:46 7911

Мамин: ҰБТ толығымен электрондық форматқа көшіріледі

Нұр-Сұлтан. 26 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық бірыңғай тестілеуді электрондық форматқа көшіру туралы хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
 

Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электрондық форматқа көшіріледі", - деді ол.

 
Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру туралы" ҚР Білім Министрлігінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі №420 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес ҰБТ 4 рет өткізіледі (қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында). Қоғамдық жиналатын орындарға бару қажеттілігін болдырмау үшін коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты түлектердің Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініштерін қабылдау ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн-тіркеу арқылы 2020 жылғы желтоқсанда жүзеге асырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны