22.04.2008, 18:30 3425

Мамыр айында Алматыда ауаның орта температурасы норма шегінде болады деп күтілуде

Мамыр айында Алматыда ауаның орта температурасы норма шегінде болады деп күтілуде

Алматы. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мамыр айында Алматыда ауаның орташа температурасы норма шегінде болады деп күтілуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Қазгидромет" РМК сілтеме жасай отырып.

"Айдың орташа температурасы 16 градус болады деп күтіліп отыр", - деп хабарлады гидрометеорологиялық орталық директоры Светлана Аманқұлова.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, мамыр айының алғашқы онкүндігінде ауа температурасы түнде 5-10 градустан 15-20 градус жылылыққа дейін, ал күндіз 23-28 градустан 28-33 градусқа дейін болады.

Ал екінші онкүндікте синоптиктер ауа температурасы түнде 11-16-дан 3-8-ге дейін, күндіз 24-29-дан 15-20-ға дейін болады деп болжайды.

Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін, күндіз 17-22 градусқа дейін салқындап, кейін түнде 10-15, күндіз 22-27 градусқа дейін жылынады деп күтіліп отыр.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, бір айда жауатын жауын-шашын мөлшері норма шегінде болады деп күтіліп отыр (норма - 106 мм). "Қазгидромет" РМК мәліметтеріне сүйенсек, арасында нөсер жаңбырлар да болуы мүмкін. Ай соңында бұршақ жаууы да ықтимал.

Орталық сондай-ақ, мамыр айының бірінші онкүндігінің ортасында солтүстік-батыс бағытқа ауысатын оңтүстік-батыс желінің секундына 5-10 метрге, екінші онкүндіктің ортасында солтүстік-шығыс бағыттағы секундына 5-10 метрге, үшінші онкүндіктің басында батыс бағыттағы секундына 5-10 метрге дейін күшеюі ғажап емес екендігін хабарлайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны