07.06.2013, 12:19 24021

Мамыр айында Алматыда мотокөліктердің қатысуымен 110 жол апаты орын алды

"Live2Ride" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған дөңгелек үстел отырысында қаладағы мотокөліктер мәселесі қарастырылды.

Алматы. 7-маусым. Kazakhstan Today - 2013 жылдың мамырында Алматыда мотокөліктердің қатысуымен 110 жол апаты орын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы дөңгелек үстел отырысы барысында Алматы қалалық ЖПБ бөлім басшысы Е.Өтегенов хабарлады, деп жазады BNews.kz ақпараттық агенттігі.

"Live2Ride" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған дөңгелек үстел отырысында қаладағы мотокөліктер мәселесі қарастырылды.

Жол полициясы басқармасының мәліметіне қарағанда өткен айда мотоциклшілердің қатысуымен 110 жол апаты орын алған. Оларда 6 адам қаза тауып, 64-і жарақаттанды.

Ал мотоциклшілер болса бұл көлік түрінің жол-көлік апатына себеп болмайтындығын айтты, өйткені олар адам факторына тікелей байланысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны