16.10.2007, 16:39 2721

Мамыр айындағы зілзаладан зардап шеккен Ақкөл аулының тұрғындары жаңа пәтерлердің кілттерін алды

Мамыр айындағы зілзаладан зардап шеккен Ақкөл аулының тұрғындары жаңа пәтерлердің кілттерін алды.

Павлодар. 16-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мамыр айындағы зілзаладан зардап шеккен Ақкөл аулының тұрғындары қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. Екібастұз әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сегіз отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алған.

"Сол күні, 2-ші мамарда болған оқиғаны ешкім де күтпеп еді, және де апат көлемі бізді біраз күйзелтіп тастады",- деді Екібастұздың әкімі Нұрлан Нәбиев. Қала басшысы зардап шеккендерге көмек көрсетуге ұмтылғандар мен бөтеннің қайғысынан немқұрайдылықпен қарамаған азаматтарға алғысын білдірді.

Павлодар облысы мен Екібастұзқаласының басшылығы зардап шеккендердің барлығына пәтер кілттерімен бірге екі камералы мұздатқыштар, теледидарлар, шаңсорғыштар мен басқа да тұрмыстық техникалар сыйлады.

Жаңа үйлерді салған барлық мердігер фирмалардың құрылысшылары, сондай-ақ қайырымдылық көмек көрсеткен коммерциялық компаниялар Екібастұз әкімшілігі басшысының атынан алғыс хаттар алды.

Ауылдың зардап шеккен тұрғындарының айтуынша, олар дәл осылай тез арада баспаналы боламыз деп ойламаған. Агенттік тілшісінің хабарлауынша, дүйім жұрттың алдында зардап шеккен адамдардың көздерінде қуаныштың жасы тұрды. Ауыл ақсақалдары сондай-ақ дер кезінде қажетті шаралар қабылдаған Павлодар облысының әкімі Қайрат Нұрпейісовке алғыстарын айтты.

Бұрын хабарлағанымыздай, зілзаладан кейін аймақ басшысы жедел жиналыс өткізіп, зардап шеккендерге ТЖ резервінен шұғыл түрде ақша бөлуді тапсырған болатын. Ақкөл аулындағы үйлердің құрылысына облыс бюджетінен 49 млн теңге жұмсалған. Зардап шеккендерге аймақ басшылығының бұйрығымен барлығы 107 млн 37 мың теңге бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысында үстіміздегі жылдың 2-мамырында жылдамдығы секундына кей жерлерде 33 метрге дейін жеткен дауылдың салдарынан ірі өрт ошағы пайда болған болатын. 16 отбасы баспанасыз қалған. Сонымен қатар, тілсіз жау 120-дан астам шаруашылық жайларын жойып, мектеп, ауруханалардың шатырларын бүлдірген болатын. Өрт салдарынан ең көп Ақкөл аулы зардап шеккен болатын. Мұнда сегіз тұрғын үй өртеніп кеткен. Зардап шеккендер уақытша туыстары мен ауылдастарының үйлерін паналаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны