08.05.2013, 15:28 8211

Мамыр айының үшінші онкүндігінен бастап "Астана - Щучинск" автожолымен жүру төлем құны 200 теңгені құрайды

"Екі білікті жеңіл автокөлік құралдары үшін Астанадан Бурабай бағытындағы төлем құны 200 теңгені құрайды", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Астана. 8-мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметінің қаулысымен "Астана - Щучинск" ақылы автожолымен жүріп өткені үшін төленетін төлем тарифтері бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Екі білікті жеңіл автокөлік құралдары үшін Астанадан Бурабай бағытындағы төлем құны 200 теңгені құрайды", - делінген

ведомство мәлімдемесінде.

Ведомство мәліметі бойынша, ақылы жолмен жүріп өткені үшін тиісті төлемді аймақтан шығар кезде терминалдың көмегімен қолма-қол ақша (қағаз ақша немесе монета), банк карточкасы немесе транспондер арқылы төлем жасауға болады.

"Автокөлік иелері үшін автомагистральдің бойында орналасқан аудандардың аумақтарына сәйкес 5 аймаққа бөлінген. Осыған орай, төлем көлемі жүріп өткен әрбір аймаққа тиесілі тарифтерден құралатын болады. Нақтырақ айтар болсақ, екі білікті жеңіл автокөліктің иесі "Астана-Шортанды" бағытымен жүріп өткені үшін 60 теңге төлейді, егер әрі қарай Ақкөлге баратын болса қосымша 50 теңге төлейтін болады", - деп атап өтілген хабарламада.

Сонымен қатар, ККМ мәліметінше, Ақмола облысының Шортанды, Ақкөл, Бұланды, Еңбекшілдер және Бурабай аудандарында тұратын автокөлік иелері үшін жеңілдіктер қарастырылған. Олар өз ауданы арасында жүріп өткені үшін ақы төлемейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны