03.12.2018, 21:00 8196

МИМС аясында Астанада стационарларда 178 441 науқасқа тегін медициналық қызмет көрсетілді

Жыл басынан бері, яғни өткен 10 айда ИМСҚ Астана қаласы бойынша филиалыныӊ медициналық қызмет жеткізушілерініӊ - Астана қаласындағы медициналық ұйымдардыӊ стационарларында 178 441 науқасқа тегін медициналық қызмет көрсетілді. Олардыӊ 74 244-і жоспарлы түрде ем алды.

Астана. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Жыл басынан бері 70 000-нан асаелорда тұрғыны жоспарлы ем алды.

Қазіргі уақытта азаматтар өз денсаулығын күтуде жауаптылық танытып, сырқаттыӊ алдын алу, емделу барысында дәрігерлермен серіктесе іс-әрекет етсе, соғұрлым нәтижелі болмақ. МИМС аясында сақтандырылған азаматтарға дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етумен қатар, амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық медициналық көмек, жоғары технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақмерзімді медбикелік күтім көрсетіледі. Яғни, азаматтар еӊ алдымен амбулаториялық-емханалық көмек алады. Сондай-ақ, ауруханаларда жоспарлы түрде емделеді.

Жыл басынан бері, яғни өткен 10 айда ИМСҚ Астана қаласы бойынша филиалыныӊ медициналық қызмет жеткізушілерініӊ - Астана қаласындағы медициналық ұйымдардыӊ стационарларында 178 441 науқасқа тегін медициналық қызмет көрсетілді. Олардыӊ 74 244-і жоспарлы түрде ем алды.

Астана қаласы тұрғындары арасында көп кездесетін госпитальдық ауру-сырқаулар: қан айналымы жүйесі аурулары - 13 488, сүйек-буын жүйелері және дәнекер ұлпалар сырқаттары - 10 229, жаӊа өскіндер сырқаты - 7 938, жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеӊ - 7 407. Стационарға жоспарлы түрде, сондай-ақ, жүйке жүйесі сырқатымен, көз ауруларымен, ас қорыту органдары және тыныс алу органдары ауруларымен жиі жатады.

"Илеуметтік медициналалық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалыныӊ директоры Нұрлыбек Қабдықапаровтыӊ айтуынша,тегін медициналық кепілдендірілген көмек көрсету көлемі тізбесінде болғандықтан жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылған науқас тегін ем алады.

Науқас адам ауруханаға жоспарлы түрде жатуы үшін, алдымен тіркелген мекен-жайы бойынша дәрігерге баруы тиіс. Дәрігерге жүгінген жағдайда емдеуші дәрігер оны қарап, ауруды нақтылау үшін қажетті зерттеулерді толық көлемде өту үшін жолдама жазып береді. Тексеру-зерттеу нәтижелерінен кейін, көрсетілімдер анықталған жағдайда ғана, жоспарлы түрде емдеуге жатқызу қажеттілігі туралы шешім қабылданады. Ал науқас адам медициналық ұйымды таӊдауы тиіс. Және науқас өз таӊдауын емдеуші дәрігермен келісуі қажет. Одан әрі дәрігер жолдаманы рәсімдейді (науқастыӊ медициналық ұйымды таӊдау бойынша шешімі міндетті түрде ескеріледі). Жолдамада емдеуге жатқызу коды мен күні көрсетіледі. Осыдан кейін науқас туралы мәліметтер Емдеуге жатқызу бюросыныӊ порталында тіркеледі.

Ескеретін жайт, емдеуге жатқызуды күткен мерзімде науқас емдеуші дәрігердіӊ бақылауында болуы тиіс. Науқасты үздіксіз бақылауда ұстау міндетті.

Созылмалы сырқаттыӊ асқынуынан сақтану үшін аурудыӊ алдын алу, салауатты өмір салтын ұстануы қажет. Жоғары қан қысымы болса бақылауда ұстап, қант мөлшерініӊ деӊгейін үнемі тексеріп отырған дұрыс. Сондай-ақ, күнделікті дене шынықтырумен айналысып, зиянды әдеттерден аулақ болған абзал. Бұл өз кезегінде денсаулығыӊыздыӊ салауатты көрсеткішіне кепіл болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны