03.05.2017, 12:14 2734

МИМС енгізу денсаулық сақтау жүйесі үшін ғаламдық қатерлерге жауап береді және жүйеніӊ қаржылық тұрлаулылығын қамтамасыз етеді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МИМС) жүйесін енгізу денсаулық сақтау жүйесі үшін ғаламдық қатерлерге жауап береді және жүйеніӊ қаржылық тұрлаулылығын қамтамасыз етеді,- деді агенттікке берген сұхбатында Алматыдағы Қалалық №7 клиникалық аурухананыӊ бас дәрігері Марат Абдуллаев.

Алматы. 3 мамыр. Kazakhstan Today - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МИМС) жүйесін енгізу денсаулық сақтау жүйесі үшін ғаламдық қатерлерге жауап береді және жүйеніӊ қаржылық тұрлаулылығын қамтамасыз етеді,- деді агенттікке берген сұхбатында Алматыдағы Қалалық №7 клиникалық аурухананыӊ бас дәрігері Марат Абдуллаев.

Денсаулық сақтау жүйесі үшін ғаламдық қатерлер (жұқпалы аурулардыӊ көбеюі, жаӊа технологияларды ендіруге байланысты жүйеніӊ ресурстық сыйымдылығыныӊ жоғарылығы, қарт адамдар саныныӊ артуы) денсаулық сақтау саласыныӊ шығындарын арттыруға алып келеді. МИМС енгізу денсаулық сақтау жүйесі үшін ғаламдық қатерлерге жауап береді және жүйеніӊ қаржылық тұрлаулылығын қамтамасыз етеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

М. Абдуллаевтыӊ айтуынша, денсаулық сақтау саласы ресурстық сыйымдылығы жоғары сала. "Денсаулық сақтау жыл санап қымбаттай түсуде және ол қымбаттайды да және оныӊ түрлі себептері бар. Еӊ алдымен Ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография, магнитті-резонанстық томография секілді зерттеу әдістері күнделікті құбылысқа айналды. Бұрын диагнозын қою аса қиындық тудыратын аса нәзік зерттеу тәсілдері пайда болды. Мұндай зерттеу тәсілдерініӊ пайда болуы дәрігерлер үшін, ауырып қалған адамдар үшін жақсы, бірақ, олар аса қымбат. Басқа елдердегі денсаулық сақтау саласыныӊ дамуы мен еліміздегі денсаулық сақтау саласыныӊ даму тарихы денсаулық сақтаудыӊ жыл санап қымбаттай түсетінін паш етіп отыр. Сол себепті сіз бен біз бүгінгі күнгі қатерлердіӊ барлығына жауап беруге мүмкіндік тудыратындай қаржылық тұрлаулы жүйе құруға тиіспіз", - деді ол.

Оныӊ пікірінше, денсаулық сақтау алдын алу, профилактикалық сипатта болуға тиіс. "Бізде бұл жүйе бар, біз оны одан әрі дамытуға, оӊтайландыруға тиіспіз. Біз халықпен, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, әрбір адам өз денсаулығыныӊ өз байлығы екенін, туғаннан берілген бұл байлықты бағалауы керектігін түсіндіру үшін жұмыс істеуге тиіспіз", - деді бас дәрігер.

Бұған қоса ол бүгінгі күні қарт адамдар саныныӊ, олардыӊ үлесініӊ артып келе жатқанын да атап өтті. "Қарт адамдар, егде жастағы адамдар саныныӊ арта түсуіне байланысты гипертония, жүректіӊ талмасы, қант диабеті және т.б. жұқпалы емес аурулармен ауыратын адамдардыӊ саны да арта түсуде. Созылмалы дертке шалдыққан адамдар саны арта түсуіне байланысты біз бұл адамдардыӊ ауруы асқына түспеуі үшін алаӊдауға тиіспіз. Біз осындай аурулары болса да, науқастардыӊ ауру ағымы тұрақтануына мүмкіндік беретін диагностика және емдеу әдістерін қолданысқа енгізуге талпынуға тиіспіз", - деді М. Абдуллаев.

Еске сала кетейік, биылғы 1 шілдеден мемлекеттіӊ, жұмыс берушілердіӊ, азаматтардыӊ ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайды. Бұл жүйеніӊ тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген.

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кеӊ ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады. Оған халықтыӊ әлеуметтік әлсіз топтарыныӊ қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Егер Сіз жұмыс беруші болсаӊыз, онда Сіз ай сайын Қорға - 2017 жылдан бастап сіздіӊ қызметкерлеріӊіздіӊ еӊбекақы қорынан - 2%, 2018 жылы - 3%, 2019 жылы - 4%, 2020 жылы - 5% сақтандыру аударымдарын жүргізетін боласыз. Қайта үйлестіру сомалары корпоративтік табыс салығынан шегеруге жатқызылады.

Сонымен бірге, ай сайын қызметкердіӊ нақты еӊбекақысынан 2019 жылы - 1%, ал 2020 жылы - 2% ұстап қалып, Қорға аудару қажет. Қайта үйлестіру сомалары жеке табыс салығынан шегеруге жатқызылады.

Жеке кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар жарналарын есептеу және төлеу қордыӊ шотына Мемлекеттік корпорация арқылы қаражатты тікелей аудару арқылы олардыӊ өздері жүргізеді: салық салудыӊ жалпыға бірдей белгіленген режимін қолданушы дара кәсіпкер - кірістерді төлеу айынан кейінгі айдыӊ 25-күнінен кешіктірмей; жеке кәсіпкер өз есебіне - есепті айдан кейінгі айдыӊ 25-күнінен кешіктірмей; 3) арнайы салық режимін қолданушы шаруа немесе фермерлік шаруашылықтар - Қазақстан Республикасыныӊ салық заӊнамасымен көзделген тәртіп пен мерзімдерде (жылдыӊ 10 сәуірі мен 10 қарашасы);

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанда "Кейбір заӊнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еӊбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊына сәйкес, МИМС-ті енгізуге қатысты төмендегі жарна мен төлем мөлшерлемесі қарастырылды: - жұмыс берушілердіӊ жарналары: 2017 жылдыӊ шілдесінен бастап мөлшерлеме 1 %; 2018 жылы - 1,5%, 2020 жылы - 2%, 2022 жылы - 3%; - жалданбалы жұмысшы жарнасы: 1% - с 2019 жылы, 2% - с 2020 жылы; - жеке кәсіпкерлер, нотариустар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар - кірістен, 2017 жылғы шілдеден бастап 2 ЕТЖ-дан 5% кем емес; - жұмыс күші тобына кірмейтін (өзін өзі өнімсіз еӊбекпен қамтығандар) азаматтар жарнасы - 2018 жылғы 1 қаӊтардан бастап 1 ЕТЖ-дан 5%; - халықтыӊ әлеуметтік қорғалмаған тобы үшін мемлекет төлейтін жарна 2018 жылдыӊ қаӊтарынан - 3,75%, 2019 жылдан бастап - 4%, 2022 жылдан бастап - 4-5 % болады. Жалдамалы қызметкерлердіӊ жарналары өзгеріссіз қалады: 2019 жылы - жалақыныӊ 1%, 2020 жылдан бастап - жалақыныӊ 2%.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны