10.01.2018, 23:20 5671

Маӊғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов ҚР Парламентініӊ Сенат депутаттарымен кездесті

Қошқар ата қалдық қоймасын қалпына келтіру туралы депутаттардыӊ сұрағына Ералы Тоғжанов осы мақсатта республикалық бюджеттен 17 млрд. теӊгеден астам қаржы бөлінгенін айтты.

Ақтау. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Парлементініӊ Сенат депутаттары Маӊғыстау облысына жұмыс сапарымен келді. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Михаил Бортиков, Бақтыбай Челпеков және Дулат Құсдәулетовты қабылдады, деп хабарлайды Маӊғыстау облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында өӊір басшысы депутаттарды облыстыӊ 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерімен таныстырды.

"2017 жылғы көрсеткіш бойынша Маӊғыстау облысындағы өндіріс көлемі 100%-ға жетті. Инвестиция өткен жылмен салыстырғанда 82,2% -дан 104%-ға дейін өсті. Сондай-ақ, бұрын жоспарланған барлық әлеуметтік-экономикалық жобалар жүзеге асырылды. Олардыӊ арасында алдағы уақытта жалғасын табатын үлкен жобалар да бар.Солардыӊ бірі - "Нұр Капитал".Кәсіпкерлерге 1%-бен несие беретін бұл бірегей жоба Елбасыныӊ қолдауына ие болды.Сонымен қатар, Құрық портында 1 млн. 200 мыӊ тоннадан астам жүк тасымалданды.Жылына қосымша 2 млн. тонна жүк тасымалдайтын жаӊа автокөлік паромы пайдалануға берілді", - деді Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, облыс әкімі Сенат депутаттарына отандық туризмді дамыту мақсатында "Ата жол" жолын қайта жаӊартудыӊ басталғанын баяндады.Ералы Тоғжанов бұл реконструкция жұмысы Маӊғыстау облысы әкімдігініӊ Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі қолдауы аясында Инвестициялар және даму министрлігімен ынтымақтаса отырып атқарылатын көптеген жобалардыӊ бірі екенін атап өтті.

Қошқар ата қалдық қоймасын қалпына келтіру туралы депутаттардыӊ сұрағына Ералы Тоғжанов осы мақсатта республикалық бюджеттен 17 млрд. теӊгеден астам қаржы бөлінгенін айтты.

"Қазір сұйық фазаны тұрақтандыру үшін КОС-1-ден 7,7 миллион текше метр тазартылған су қалдық қоймаға шығарылады.Бұдан басқа Басқұдық ауылыныӊ микроклимат, экологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайын тұрақтандыру үшін жалпы ауданы 8,2 гектар болатын жасыл аймақты құру басталды.Сондай-ақ, ұзындығы 3 км болатын жасыл қорғаныс белдеуін құру жоспарланған", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны