11.05.2011, 20:51 3637

Маңғыстау облысында 12 өлі итбалық табылды

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, өлі итбалықтар Маңғыстау облысына қарасты Баутино ауылының маңындағы теңіз жағалауынан табылған.

Астана. 11 - мамыр. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында 12 өлі итбалық табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, өлі итбалықтар Маңғыстау облысына қарасты Баутино ауылының маңындағы теңіз жағалауынан табылған.

КТ телеарнасының хабарлауынша, аталған аймаққа алдымен ерікті экологтар барған. Олар итбалықтардың жаппай қырылуына Каспийдің "қара алтынын" сорып жатқандардың салғырттығы себеп болуы мүмкін дейді. Сондықтан өлекселерді арнайы зертханаға жеткізіп, тексеруге кіріскен. Қазірдің өзінде су жануарының ағзасынан улы заттар көп мөлшерде екендігі анықталған.

"Бұл оқиға азоттың құрамы көбейіп кеткендіктен немесе мұнай қалдықтарынан улануы салдарынан тіркелген. Итбалықтың ағзасында химиялық улы заттар көп", - деп мәлім еткен "Эко Маңғыстау" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кирилл Осин.

Соңғы он жылдан бері Каспий теңізі жағалауынан 10 мыңнан аса итбалықтың өлексесі табылған. Соған қарамастан ресми органдар жыл сайын тіркелетін қырғынды оба ауруы мен ауа райының қолайсыздығы себеп деген қорытынды шығарады. Ал кейбір экологтар мұндай болжамға күдікпен қарайды. Сондықтан олар биыл тәуелсіз сараптама жасап, оның "шынайы қорытындысын шығарамыз" деп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны