20.02.2008, 18:59 3367

Маңғыстау облысында 14,8 мың тоннадан астам радиоактивті қалдық жиналып қалған

Маңғыстау облысында 14,8 мың тоннадан астам радиоактивті қалдық жиналып қалған

Ақтау. 20-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік қызметінің нәтижесінде пайда болған радиоактивті қалдықтардың көлемі Маңғыстау облысында 14 828, 776 тоннаны құрады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Маңғыстау облыстық аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасынан хабарлады.

Басқарма ақпаратына сүйенсек, тек 2007 жылдың өзінде облыста 1835,4 тонна радиоактивті қалдық жиналған. Оның ішінде, активтілігі төмені - 1835,2 тонна. Сұйық радиоактивті қалдық 3 мың текше метрден асады. Оның 101 текші метрі 2007 жылы жиналған.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысындағы радиоактивті қалдық бірнеше кәсіпорындарда сақталып отыр. "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Қаламқас және Жетібай кеніштерінде радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтайтын екі қоймаға иелік етеді. Экологтардың мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылдың 25-желтоқсанындағы дерек бойынша, мұнда 2282,4 тонна радиоактивті қалдық бар екен. Оның 540,71 тоннасы 2007 жылдың үлесінде.

"Өзенмұнайгаз" компаниясында да ("ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ өндірістік бөлімшесі) радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтайтын қойма бар. Басқарма мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылдың 25-желтоқсанындағы дерек бойынша, мұнда 5348,89 тонна радиоактивті қалдық бар екен. Оның 1287,7 тоннасы 2007 жылдың үлесінде.

Қоршаған ортаны қорғау басқармасынан хабарлағандай, сұйық және қатты радиоактивті қалдықтардың қоймасы "МАЭК-Қазатомпром" ЖШС БН-350 ректорлық қондырғысында орналасқан. Экологтардың мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылдың 25-желтоқсанындағы дерек бойынша, радиоактивті металл қалдығы 7197,4 тоннаны құраған. Оның 7022 тоннасы 2007 жылы жинақталған. Қоймада сақталған сұйық радиоактивті қалдық көлемі 3 мың куб метрден асады. Оның 101 куб метрі 2007 жылы жиналған. Қалдықтар бассейнде қалың су қабатының астында сақталады.

Өндірістік радиоактивті қалдықтардан басқа облыс аумағында тарихи ластанған жерлер бар. Олардың бірі - Қошқар ата қоймасы. Мұнда уран өндіру өнеркәсібінің қалдықтары сақталады. Жалпы көлемі - 51 млн 794,887 мың тонна. Жалпы активтілігі 11 242 Кюри.

Сонымен бірге, Ақтау қаласының маңында бұрынғы химия-тау-кен металлургиялық зауытының "Могильник" қоймасы бар. Мұнда 5 мың тонна радиоактивті қалдық бар.

Облыста кеніштер де аз емес. Экологтардың мәліметтеріне сүйенсек, 1998 жылдың 16-ақпанындағы Қазақстан Республикасы үкіметінің №113 қаулысының негізінде №2 және №5 кеніштер ішкі үйінділер аумағында зиянды және радиоактивті қалдықтарды көметін полигон құру үшін Мемлекеттік жер қойнауы қорына берілген. Алайда қаржыландырудың болмауына байланысты жұмыстар тоқтатылған.

Бұрынғы кен орыны қалыңдығы 1,5 метрлік топырақпен көмілген. Қосымша кеніштердің үйінділері қалыңдығы шамамен 90 метр болатын топырақ қабатымен жабылған. Бұл үйінділер өз активтілігі бойынша бірінші деңгейге жатқызылады, жалпы активтілігі - 154,8 Бк/кг.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны