21.11.2018, 12:24 4787

Маӊғыстау облысында 171 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Соӊғы мәліметтер бойынша, облыс көлемінде 2017-2018 жылдары жер учаскесініӊ пайдалану мерзімініӊ өтуіне байланысты қайтарылған және игерілмеген көлемі 26413,87 гектарды құрайтын 452 жер учаскесі анықталды. Жалпы көлемі 20733,2054 га болатын барлығы 171 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.

Ақтау. 21 қараша. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжановтыӊ тапсырмасына сәйкес, облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Сәкеев жер қатынастары мәселесіне қатысты алқалы жиын өткізді.

Соӊғы мәліметтер бойынша, облыс көлемінде 2017-2018 жылдары жер учаскесініӊ пайдалану мерзімініӊ өтуіне байланысты қайтарылған және игерілмеген көлемі 26413,87 гектарды құрайтын 452 жер учаскесі анықталды. Жалпы көлемі 20733,2054 га болатын барлығы 171 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.

Жердіӊ мақсаттық нысанын ауыстырып, басында белгіленген жоспардан басқа нысан салып қою дерегі жиілеген. Исіресе Түпқараған мен Мұнайлы аудандарында осындай заӊ бұзушылық көп кездеседі. Сонымен қатар, Бейнеу ауданында заӊсыз берілген жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Жоғарыда аталған заӊ бұзушылықтарға жол берген жер саласына жауапты аудан әкімдерініӊ орынбасарларын жер, сәулет және қалақұрылысы бөлімдерініӊ басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде тапсырма берілді. Ал Жаӊаөзен қаласында 18 жер учаскесі бойынша сот процесі жүріп жатыр.

Бүгінде облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандар саны 166 312 адамды құрайды.

Қазіргі кезде барлық елді мекендердіӊ бас жоспарлары жасақталған.

Олардыӊ ішінде Ақтау мен Жаӊаөзен қалаларында жеке тұрғын үй құрылысы үшін алаӊдар қаралмаған, басқа аудандар бойынша бас жоспарында 26820 учаске қаралған.

Жер қатынастары саласыныӊ мәселелері қашанда облыс әкімініӊ қадағалауындағы өзекті бағыттардыӊ бірі. Жерге қатысты, жердіӊ пайдаланылуына, бұзылуына, игерілмеген жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға байланысты әкімдікте бірнеше жиналыстар өткізіліп, оқу-әдістемелік кітапшалар таратылып, нақты тапсырмалары берілген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны