11.01.2007, 17:45 3081

Маңғыстау облысында 2006 жылы экономикалық және сыбайлас жемқорлық сипатындағы 12 қылмыс тіркелді

АҚТАУ. 11-қаңтар. Kazakhstan Today. 2006 жыл қорытындысы бойынша Маңғыстау облысында экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қатысты 12 қылмыс тіркелген (2005 жылы - 3 қылмыс). Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі департаментінен хабарлады.

Департаменттің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы, 3-тармағының Б тармақшасы (лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану) бойынша мемлекеттік сатып алу саласында жасалған қылмыстар анықталып, бірқатар ауыл әкімдеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Департаменттің мәліметтеріне сүйенсек, қозғалған қылмыстық іс бойынша анықталған шығын көлемі 40 млн. теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны