17.01.2008, 13:06 1837

Маңғыстау облысында 2008 жылы денсаулық сақтау саласына 7,3 млрд теңге қарастырылған

Маңғыстау облысында 2008 жылы денсаулық сақтау саласына 7,3 млрд теңге қарастырылған

Ақтау. 17 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысында 2008 жылы денсаулық сақтау саласына облыс бюджетінен 7,3 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Арман Айдарханов хабарлады.

Оның сөздеріне қарағанда, биылғы жылы 150 орынға арналған аналар мен балаларды қорғау орталығының құрылысы жоспарланған. Бұл өз кезегінде облыстағы аналар мен жас балалардың өлімін азайту мәселесін шешіп, босанған балалар мен жас нәрестелерге сапалы кәсіби көмек көрсетілетін болады ", - деді А. Айдарханов.

Ол сондай-ақ, Ақтауда 2008 жылы 300 орынға арналған көп салалы аурухана құрылысының басталатынын атап өтті. Үш жылдың ішінде облыстық аурухананың қайта жөндеу жұмыстарының басталуы жоспарлануда. "Қайта жөндеу жұмыстары халықаралық талаптарға сай болуы керек ", - деп атап өтті департамент директоры.

2008 жылы 100 орынды ісік ауруларына қарсы орталығы және қан орталығының құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Қан орталығында барлық қан компонеттерінің қоры құрылып, облыс қан сұранысын толық қамтамасыз ететін болады.

Облыс бойынша 2008 жылы 9 медициналық пункті және 4 дәрігерлік амбулаториясы құрылыстарының аяқталуы жоспарлануда. Жаңаөзенде қалалық аурухананың қосымша корпусының құрылысы тұрғызылады.

Сонымен қатар, жұмыс істеп жатқан балалар ауруханасына 60 орынды қосымша жалғасатын ғимарат пен психикалық ауруларына шалдыққандардың интернет-үйінің қосынды құрылыстары жалғастырылады.

А. Айдарханов атап өткеніндей, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласына қажетті ғимараттарды тұрғызу үшін 2008 жылы облыстық бюджеттен 634 млн теңге бөлінді. Оның сөздеріне қарағанда, аймақта денсаулық сақтау жүйесін дамыту және реформалау бағдарламасы аясында 2008-2010 жылдары арасында 40 жуық нысан пайдалануға тапсырылады.

Департамент директоры хабарлағанындай, ведомствоның шешімімен Маңғыстау облысында 2008 жыл жүрек қан тамырларын емдеу және алдын алу жылы болып жарияланды. "Өйткені, осы кесел көрсеткіштері бойынша аймақтағы өлімі-жітім өсіп бара жатыр, - деп құлағдар етті А. Айдарханов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны