28.02.2013, 10:09 6358

Маңғыстау облысында аяғы ауыр келіншек із-түзсіз жоғалды

Маңғыстау облысында 17 жастағы аяғы ауыр келіншек 9 тәуліктен бері табылмай жатыр. 19-шы ақпанда Маңғыстау ауылынан Ақтаудағы туысына қонаққа кеттім деген Мәншүк Оралбаевадан содан бері хабар-ошар жоқ. Жоғалған болашақ ананы тәртіп сақшылары іздестіріп жатқанда, қайғыны көтере алмай оны жұбайы өз-өзіне қол салған.

Жаңаөзен. 28-ақпан. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында аяғы ауыр келіншек із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Маңғыстау облысында 17 жастағы аяғы ауыр келіншек 9 тәуліктен бері табылмай жатыр. 19-шы ақпанда Маңғыстау ауылынан Ақтаудағы туысына қонаққа кеттім деген Мәншүк Оралбаевадан содан бері хабар-ошар жоқ. Жоғалған болашақ ананы тәртіп сақшылары іздестіріп жатқанда, қайғыны көтере алмай оны жұбайы өз-өзіне қол салған.

Қызын жоғалтып, күйеу баласынан айырылған бұл отбасы қазір тек құдайға жалбарынумен отыр. Есік әр ашылған сайын, Мәншүк келіп қалды ма деп алаңдайды. Ал 17 жастағы келіншектің із-түзсіз кеткеніне осымен 9-шы тәулік. Оның үстіне аяғы ауыр екен.

"Полиция бәріне хабарладық, таба алмай жатыр. Жаным қайда жүр екен? Бір жерге баратын болса ия атасы, ия күйеуі апарып келеді. Өздігінен ешқайда шықпайтын еді ол. Аяғы ауыр, 4 айлық баласы бар", дейді Мәншүктің анасы Ұлмекен Қалиева.

Мәншүктің жақындары сол күні қыздарының облыс орталығындағы туысының үйіне қыдырып кеткенін айтады. Бірақ қалаға тек жолшыбай такси тоқтатып қана жетуге болады екен. Сондықтан жолда бірдеңеге ұрынды ма деп қорқады. Ал күйеумен ренжісіп үйден қашып кетуі мүмкін деген ақпарды жоққа шығарды. Осыдан 6 ай бұрын ғана тұрмысқа шыққан қыздары жарымен тату-тәтті тұрып жатыпты.

"Кімнің алып кеткенін білмейміз. Одан хабар естімедік. Іздедік, мынандай жағдайға күйеуі шыдамай қайтыс болып кетті. Білмеймін енді қалай? Күйеуімен ұрыспаған, ештеңе қылмаған. Кетер кезде звондаған, ақшасын да беріп жіберген. Одан кейін көрдім деген еш адам жоқ", дейді жоғалған келіншектің әкесі Серік Жалғасбаев.

Бұл отбасыға қайғы жалғыз келмепті. Жарының із-түзсіз жоғалғанын көтере алмай Мәншүктің 19 жастағы күйеуі де асылып өлген. Қазір жас келіншекті құзырлы орын өкілдері түгел дерлік іздеуде. Ал ата-анасы қызының амандығын тілеумен ғана отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны