27.10.2006, 09:31 3389

Маңғыстау облысында "Ауыз су" аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру үшін 452,2млн. теңге бөлінді

АҚТАУ. 27 қазан. Kazakhstan Today. Маңғыстау облысында "Ауыз су" аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру үшін барлық қаржыландыру көзінен 452,2млн. теңге жұмсалады. Бұл жөнінде облыс мәслихатының үшінші шақырылымының 17 сессиясында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, су жүйелері орнатылған ауылдық жерлерде ауыз сумен қамтамасыз етуге 12 млн. теңге көлемінде жәрдемақы қарастырылған. 1 қазандағы жағдайда оның 8,7 млн. теңгесі немесе 73% игерілді.

Қ.Көшербаев, "Ауыз су" бағдарламасы аясында Бейнеу ауданы Боранкүл, Есет және Төлеп ауылдарында су беру жүйесі түгел орнатылғанын айтты. Қарақиян ауданы Сенек және Құланды ауылдарында су тазарту жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде,-деді ол.

Жуық арада Құйылыс кен орнынан Қызылтөбе ауылының су құбыры сорғы станциясына дейін техникалық су құбыры іске қосылады

Су беру жүйесінің және магистралды су құбырларының құрылыстары 13 елді мекенде жүргізілуде. "Бұл қосымша 27 мың адамды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және сумен қамтамасыз ету деңгейін 96% арттырады",-деді облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны