08.10.2018, 12:57 5050

Маӊғыстау облысында "Білім үздігі-2018" конкурсыныӊ марапаттау рәсімі өтті

18 номинация бойынша 142 мұғалім, 20 білім ұйымы қатысты. 12 номинацияға 500 мыӊ теӊге, "Жыл мұғалімі" номинациясына және 5 білім ұйымына 1 миллион теӊге сыйлықақы табысталды. Ал "Жыл мұғалімі" финалисіне өӊір басшысы тосынсый ретінде қосымша 500 мыӊ теӊге сыйақы тағайындады.

Ақтау. 8 қазан. Kazakhstan Today - Ақтауда облыс әкімі Ералы Тоғжановтыӊ қатысуымен ұстаздар күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Шара барысында өӊір басшысы 2 мұғалімді "Ыбырай Алтынсарин", 5 мұғалімді "Білім беру ісініӊ құрметті қызметкері" төсбелгілерімен марапаттады, тағы 7 ұстаз облыс әкімініӊ алғыс хаттарын алды. Сондай-ақ, Маӊғыстауда екінші рет өткізіліп отырған "Білім үздігі-2018" конкурсыныӊ марапаттау рәсімі өтті. 18 номинация бойынша 142 мұғалім, 20 білім ұйымы қатысты. 12 номинацияға 500 мыӊ теӊге, "Жыл мұғалімі" номинациясына және 5 білім ұйымына 1 миллион теӊге сыйлықақы табысталды. Ал "Жыл мұғалімі" финалисіне өӊір басшысы тосынсый ретінде қосымша 500 мыӊ теӊге сыйақы тағайындады. Биылғы жылдыӊ үздік ұстазы Жаӊаөзендік Раметулла Злиха атанса, ақтық сынға дейін жеткен есім Тілектес Серікбайқызы болды.

Облыс әкімі Маӊғыстау халқыныӊ бірнеше ұрпағын тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін білім қызметкерлері мен ардагерлеріне алғысын білдірді. Ералы Тоғжанов күні кеше Президент Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев еліміздіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардыӊ әл-ауқатын одан әрі жақсарту мәселелерін қамтыған жаӊа Жолдауын халыққа жариялағанын атап өтті.

"Келесі жылы "Педагог статусы туралы" Заӊ қабылдау жөнінде тапсырмабергенінбарша ұстаздар қауымы зор ықыласпен қабылдады. Бұл - педагогтар үшін ерекше қамқорлық пен қолдау депбілеміз. Білім саласына, соныӊ ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ерекше көӊіл бөлу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Үш ауысымды және апатты мектептерді жою, оқушы орныныӊ тапшылығын азайту мақсатында республикалық бюджеттен 2019-2021 жылдарға 50 млрд. қаржы бөлу жөнінде айтылды", - деді өӊір басшысы.

Биыл облыстық білім саласындаауқымды шаралар атқарылды. Бір жылдыӊ өзінде облыста 9 мектеп іске қосылып, халықтыӊ игілігіне берілді. Ақтау қаласындағы №29 жаӊа білім ордасы смарт-мектеп болып ашылды. ОндаSTEM-лаборатория,смарт-жылыжай, галографикалық ақпараттандыру бұрыштары, чип арқылы оқушылардыӊ мектепке келіп-кетуін қадағалау жобалары енгізіліп, облыс мектептерінде 17 ІТ сыныбы, 25 жылыжай ашылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек. Жаӊа оқу жылынан бастап жаӊартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін педагогтардыӊ 75 пайызы біліктілігін арттыруға, облыс мұғалімдерініӊ 80 пайызыныӊ жалақыларына үстем ақы қосылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны