11.05.2006, 19:16 3011

Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында итбалықтар мен балықтардың қырылуынан келген шығын көлемі 38 млн. 473 мың теңгені құрады

АҚТАУ. 11-мамыр. Kazakhstan Today. Алдын-ала есеп бойынша, Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында итбалықтар мен балықтардың қырылуынан келген шығын көлемі 38 млн. 473 мың теңгені құрады. Бұл туралы облыстық прокуратура таратқан ресми хабарламада айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі және экологиялық қызметтердің мамандары Қаламқас кеніші маңынан 1068 бекіре тұқымдас балық пен 98 итбалықтың өлімтігін тауып алып көзін жойды.

Маңғыстау облыстық балық инспекциясының прокуратураға тапсырған анықтамасына сәйкес, бұл дерек бойынша Ақтау табиғат қорғау прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің жан-жануарлар мен жәндіктер дүниесін қорғау тәртіптерін бұзу жөніндегі 289-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ, табиғат қорғау прокуратурасы мен облыстық ішкі істер департаментінің су полициясы бөлімшесінің қызметкерлерінен Ақтау табиғат қорғау прокуратурасының басқаруымен тергеу тобы жасақталды. Сонымен бірге сот-ихтиологиялық және сот-химиялық сараптамалар тағайындалды.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны