23.04.2010, 16:32 4691

Маңғыстау облысында "Кендірлі" демалыс аймағы құрылысын салу жобасы іске асырыла бастады

Маңғыстау облысында "Кендірлі" демалыс аймағы құрылысын салу жобасы іске асырыла бастады

Ақтау. 23 сәуір. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында "Кендірлі" демалыс аймағы құрылысын салу жобасы іске асырыла бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысына осы аптада халықаралық инвесторлар делегациясы келді.

Инвесторлар "Кендірлі" курортының одан әрі толыққанды жұмыс жасауы үшін қажетті халықаралық әуежай, су тұщыту заводы, тазарту құрылғылары подстанциясы салынып, газ құбырлары мен жолдар тартылуы жоспарланған аумақпен танысты. Олар сондай-ақ, қонақ үйлер, бизнес орталық, сауда орталығы т.б. нысандар құрылысына бөлінген жер телімін зерттеді.

Делегация мүшелерімен Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев кездесті. Кездесу барысында "Кендірлі" курорттық демалыс аймағы құрылысы жобасын іске асырудың негізгі аспектілері талқыланды.

"Сөз жоқ, бұл жоба бүкіл Қазақстан үшін маңызды болады деп үміттенеміз біз үшін құрылыс процесі барысындағы басты басымдық - экология, нақты айтқанда Кендірлінің тұма табиғатының тазалығын сақтау. Біз жергілікті кәсіпорындардың құрылыс материалдарын пайдаланып, жұмысқа қазақстандық кадрларды тартуды көздеп отырмыз", - деді халықаралық "SIBC CORP SDN BND" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мохамад Башар Эль-Атаси.

Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев: "Мемлекет басшысы қолдаған және ел үкіметі мақұлдаған жоба тағдыры ендігі жерде біздің барлығымыздың жауапкершілігіміз бен кәсіптік білігімізге байланысты. Жобалаудың ең басты кезеңі аяқталды, біз Еуразия кеңістігіндегі болашақтағы ең тартымды туристік орталықтың құрылысын салуға кірісеміз", - деп атап көрсетті.

Жобаны жүзеге асыратын Малайзияның халықаралық бизнес-корпорациясының қарамағындағы компанияның міндетіне ТЭН жасақтау, жобаны басқару, нысандарды бастан-аяқ салып, тапсыру, тұрақты технологиялық өркендеу мен істі атқару, халықаралық нарық сарабы, маркетинг, шеберлік жоспарларын жасау және дамыту, даму мен сауданың бас жоспарын жасау, жобалық техникалық қызметтер жатады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны