18.06.2015, 12:36 3711

Маӊғыстау облысында мүгедек қызды зорлаған педофил 10 жылға сотталды

Маӊғыстау облысы бойынша жасөспірімдер ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ үкімімен сотталушы А. есімді азамат ҚР ҚК 120-бабы 3-тармағыныӊ 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылды

Астана. 18 Маусым. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысы бойынша жасөспірімдер ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ үкімімен сотталушы А. есімді азамат ҚР ҚК 120-бабы 3-тармағыныӊ 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Сол күні кәмелет жасына толмаған жасөспірім қыз тұратын үйге сотталушы шаӊсорғыш жарнамалаймын деп кірген. Ер адам мүмкіндігі шектеулі қыздыӊ үйде жалғыз екенін білген. Мүгедектігін пайдаланған ер азамат оны бассалып шешіндіріп, жәбірлеген", - деп әӊгімеледі Маӊғыстау облысы бойынша жасөспірімдер ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊтөрағасы Айдар Тленов, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жасаған қылмысы үшін А. есімді азамат 10 жыл өмірін темір тордыӊ арғы бетінде өткізетін болады.

Сот кезінде сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамады. Алайда соттыӊ үкіміне қос тарап та шағымданған жоқ, прокурор да қарсылық білдірмеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны