16.02.2012, 16:26 3403

Маңғыстау облысында орын алған көлік кептелісі бірнеше шақырымға созылған

Маңғыстау облысында Ақтау - Жетібай - Жаңаөзен тас жолының 137-ші шақырымында бірнеш шақырымдық көлік кептелісі пайда болған.

Ақтау. 16-ақпан. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында орын алған көлік кептелісі бірнеше шақырымға созылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтау қаласы әкімдігінің төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша, Маңғыстау облысында Ақтау - Жетібай - Жаңаөзен тас жолының 137-ші шақырымында бірнеш шақырымдық көлік кептелісі пайда болған.

"Кешеден бері жол тазартылып жатыр. Бірақ күшті желден жол қайта-қайта қарға көміліп қалады. Онда қанша көлік тұрғаны белгісіз. Техника күні-түні жұмыс істеп тұр. Шамаен бір шақырым жерді қар басып қалған", - деп хабарлады бөлімшедегілер.

Жолды тазартуға "Өзенмұнайгаздың" арнайы техникалары мен Жаңаөзен қаласындағы коммуналдық кәсіпорындар жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны