06.06.2008, 19:10 3054

Маңғыстау облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін 700 млн теңге бөлінеді

Маңғыстау облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін 700 млн теңге бөлінеді

Ақтау. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін 700 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Маңғыстау облыстық әкімдігі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ және облыстық кәсіпкерлер және өнеркәсіп басқармасы арасында несиелік келісімге қол қою рәсімінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Үш жақты келісімге қол қою рәсіміне "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Жанарбек Маманов қатысты.

Облыс әкімі атап өткеніндей, жасалған келісімге сәйкес облыстық мәслихат сессиясының шешімі бойынша шағын және орта бизнесті несиелендіру мақсатында 1,2 млрд теңге қаржысы бар тұрақтандыру қорынан 348 млн теңге бөлінді. Осындай мөлшерде қаржы сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту қорынан беріледі.

К. Көшербаев хабарлағанындай, биылғы жылдың бес айы ішінде екінші деңгейдегі банктер арқылы берілген несие көлемі 56 пайызға азайды. Ал өткен 2007 жылы берілген несие мөлшері 18 млрд теңгені құраса, бес айда 8,2 млрд теңге бөлінген болатын.

Облыс әкімі атап өткеніндей, "бөлінген 348 млн теңге қаржы бұл тек алғашқы бастама". " Егер облыс бюджетінен 100 млн теңге бөлінсе, онда қордан 300 млн теңге бөлінеді. Сол арқылы 2008 жылдың аяғына дейін кәсіпкерлерге көмек ретінде 1,5 -2 млрд теңге беріледі. Бәрі шағын бизнес субъектілеріне байланысты", - деп атап өтті К. Көшербаев.

"Бұл қаржыны дұрыс пайдалану керек, ол үшін тиімді жобалар керек, оны дұрыс ұйымдастырып кәсіби жұмыс істеу қажет", - деді облыс әкімі кәсіпкерлерге арнаған сөзінде.

Ж. Маманов атап өткеніндей, " қор кәсіпкерлер үшін 2,3 млрд теңге мөлшерінде қаржы бөлуге дайын". "Несие ставкасының мөлшері 13 - 14% аспайды", - деп атап өтті ол.

Ж. Маманов хабарлағанындай, қор қызметкерлері ұсынылатын және жүзеге асырылатын барлық жобарға мониторинг жүргізеді. "Біз нақты жобаларды қаржыландыруға дайынбыз ", - деп мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны