08.11.2018, 15:37 4845

Маӊғыстау облысында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласыныӊ өзекті мәселелеріне арналған жиын өтті

Ералы Тоғжановтыӊ төрағалығымен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласыныӊ өзекті мәселелеріне арналған жиын өтті.

Ақтау. 8 қараша. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысында тұрғындардан пәтер иелері кооперативтерініӊ қызметіне қатысты 410 арыз-шағым келіп түскен.

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтыӊ төрағалығымен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласыныӊ өзекті мәселелеріне арналған жиын өтті. Жиынға тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы барлық қызмет көрсететін мекеме басшылары, пәтер иелері кооперативтері, құқық қорғау орган басшылары мен мүдделі мемлекеттік орган және кәсіпорындар басшылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары қатысты. "Елбасы 5 қазанындағы Жолдауында коммуналдық қызмет пен табиғи монополияларды реттеу салаларында тарифтіӊ жасалуы және тұтынушылардан жиналған қаржыныӊ жұмсалуы әлі күнге дейін ашық еместігі туралы айтып, осы салада нақты шешімдер қабылдау туралы тапсырма берді.Расында жеке пәтер иелері кооперативтерініӊ (КСК) қызметінде мәселе баршылық. Тұтынушылардан жиналған қаражатты пайдалануда ашықтық жоқ. Бүгінде ПИК-тер өз қызметкерлеріне жоғары жалақы белгілейді, штатты негізсіз өсіру фактілері бар.Бұл - олардыӊ тарифтерден жиналған қаражатты пайдалануда ашық саясат жүргізбейтіндігін көрсетеді.Халықтан тарифтердіӊ күрт өсуі бойынша көптеген шағымдар келіп түсуде. Бүгінгі жиналыстыӊ басты жақсы аталған мәселеніӊ шешу жолдарын қарастыру деді",- өӊір басшысы. Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысыныӊ міндетін атқарушы Жандос Салимов облыс бойынша тұрғын-үй қорыныӊ ағымдағы жағдайы және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы сұрақтары бойынша ҚР бірқатар заӊнамалық актілеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу заӊнамасы жөнінде баяндама жасады.

Қазіргі уақытта Маӊғыстау облысыныӊ тұрғын үй қоры 1 654 көп қабатты тұрғын үйді құрайды. Оныӊ ішінде Ақтау қаласында - 981 үй, Жаӊаөзен қаласында -262 үй және аудандарда 411 үй (негізінен 2 қабатты тұрғын үйлер).Облыс бойынша күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін үйлер саны - 290 үй (17,5%), сондай - ақ апатты жағдайдағы үйлер саны - 8 үй (Ақтау Қ. - 6 үй, Жаӊаөзен қ. - 2 үй).2011-2018 жылдар аралығында ТКШ жаӊғырту бағдарламасы аясында 1622,0 млн.теӊге сомасына 40 КПТҮ жөнделген. Облыс бойынша кондоминиум объектісін басқару органдарыныӊ жалпы саны 107 ( 52 ПИК, қалған ЖШС, ЖК), оныӊ ішінде Ақтау қаласында - 70 (19 ПИК) және Жаӊаөзен қаласында - 31 (27 ПИК, қалған ЖШС), аудандарда - 6 ПИК). Ақтау қаласы бойынша кондоминиум объектілерін күтіп-ұстауға орташа тариф 40-45 теӊгені (28-102 теӊге) құрайды. Жаӊаөзен қаласы бойынша кондоминиум объектілерін күтіп-ұстауға орташа тариф 22 теӊгені (18-36 теӊге) құрайды.Жандос Салимовтыӊ мәлімдеуінше өӊірде кондоминиум объектілерін басқару бойынша бірқатар мәселелер бар. Мәселен, тіркелген кондоминиумдар саны төмен деӊгейді көрсетеді. Облыс бойынша 1654 көпқабатты тұрғын үйдіӊ тек 529-ы немесе 32% техникалық паспорттарын тіркеген. Оған себеп, тұрғын үйлердіӊ техникалық паспорттары мен жер учаскелеріне арналған актілердіӊ болмауы. Аталған мәселені естіген аймақ басшысы, құзырлы органдарға қала және аудан әкімдеріне бюджет қаражаты есебінен тіркелмеген көп қабатты тұрғын үйлерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруды және жоғарыда аталған іс-шаралардыӊ орындалуын тапсырды.

Сондай-ақ, Ақтау қаласы бойынша кондоминиум нысандарын басқару органдарыныӊ қызметтері туралыАқтау қаласыныӊ әкімі Ғалымжан Ниязов сөз сөйледі. Кондоминиум обьектісін басқару органдарыныӊ жалпы саны - шамамен 70 құрайды, оныӊ ішінде: 34 орган ЖШС түрінде, 17 орган ЖК түрінде тіркенген, қалғаны 19 ПИК (пәтер иелері кооперативі - 5), ПИТК (пәтер иелерініӊ тұтыну кооперативі - 8), ҚБ (қоғамдық бірлесттік -1), ПИҚБ (пәтер иелерініӊ қоғамдық бірлестігі - 1), ТҚК - 1 (тұрғын үй құрылыс коперативі).

Келіп түскен арыз-шағымдардыӊ кейбірі ұжымдық шағымдар екенін және орташа есеппен алғанда 25-40 пәтер иелерініӊ қолдары қойылғандығын ескерген жөн. Осындай арыз-шағымдар айына екі-үш рет келіп түседі. Бір ай ішінде тұрғын үй инспекциясы бөліміне шамамен 400 шағым келіп түскен. Жиын соӊында облыс әкімі бірқатар тапсырма берді.

Мемлекеттік сәулет-құрылысты қадағалау басқармасына жаӊадан салынған үйлердіӊ техникалық паспорттарын құрылыс салушы есебінен жасақтау, 2018 жылдыӊ 1 желтоқсанына дейін қала және аудан әкімдеріне тіркелмей қалған көп қабатты үйлерді бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік тіркеуден өткізуі тиіс. Қала және аудан әкімдеріне көпқабатты үйлердіӊ алдына баттандырып, қолданыстағы балаларға арналған спорттық және ойын алаӊ шаларын қалпына келтіруді және жаӊадан салуды және оларды кондоминиумны сандарын басқару органдарына беріп, одан әрі күтіп ұстауды қамтамасыз етілуі қажет екенін ескертті. Сондай-ақ, облыстық прокуратураны, қала және аудан әкімдерімен бірлесіп кондоминиумны сандарын басқару органдарыныӊ қызметтерініӊ қолданыстағы Заӊға сәйкестігін тексеруді және қадағалауды сұраймын деді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны