15.12.2008, 12:11 2123

Маңғыстау облысында Үштаған ауылында құмды тоқтату жобасының бірінші кезеңі аяқталды

Маңғыстау облысында Үштаған ауылында құмды тоқтату жобасының бірінші кезеңі аяқталды

Ақтау. 15 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысында Үштаған ауылында құмды тоқтату жобасының бірінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы жобаның жетекшісі, география ғылымдарының докторы, ҚР Географиялық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Фарида Ақиянова мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ф. Ақиянованың айтуынша, Қарақия ауданының Сенек ауылында құмды тоқтату жобасын табысты жүзеге асырудың арқасында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Үштаған ауылында да жобаны жүзеге асыруға бастама көтерді.

Былтыр жобаның бірінші кезеңі жүзеге асырылып, оған облыстық бюджеттен 20 млн теңге бөлінді. Ағымдағы жылы құны 40 млн теңгені құрайтын екінші кезеңі аяқталды. 2009 және 2010 жылдарда тиісінше шөлейттенумен күрес жобасының үшінші және төртінші кезеңдері жүзеге асырылады, деді Ф. Ақиянова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны