09.02.2011, 15:11 3937

Маңғыстау облысындағы "Кендірлі" шипажайының маңында әуежай салу жоспарлануда

Маңғыстау облысындағы "Кендірлі" шипажайының маңында әуежай салу жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақиау. 9 - ақпан. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысындағы "Кендірлі" шипажайының маңында әуежай салу жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, Маңғыстау облысында 2011 соңына таман "Кендірлі" шипажайы аймағында әуежай құрылысын салу жұмыстары басталады. Бұл туралы "Эйр Астана" АҚ президенті Питер Фостермен кездесуі барысында Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлім етті.

"Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаев Маңғыстау облысын экономиканың даму көзі ретінде бағалайды. Мұнда тек ресурстар ғана емес, бизнесті дамыту үшін қажетті керемет логистика да бар. ТРАСЕКА сияқты халықаралық дәліздер қазір осы жермен өтеді. Аймақта халықаралық экономикалық қарым-қатынасты және туризмді одан әрі дамыту үшін плацдарм бар. Атап айтқанда, туристік кластер "Кендірліде" екінші әуежай құрылысын салу жоспарланған", деді Қ.Көшербаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны