24.09.2007, 18:09 2758

Маңғыстау облысындағы Түпқараған шығанағында кеме қозғалысын басқаратын жүйе орнатылды

Маңғыстау облысындағы Түпқараған шығанағында кеме қозғалысын басқаратын жүйе орнатылды.

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысындағы Түпқараған шығанағында кеме қозғалысын басқаратын жүйе орнатылды.Бұл туралы агенттікке ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің абспасөз қызметінен хабарлады.

"Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясына сәйкес теңіз порттары мен теңіз сауда флотын дамыту және ішкі су жолдарын кеме қатынасына лайықты қамтамасыз ету - су көлігі саласындағы инфрақұрылымдық саясаттың негізгі бағыты болып саналады",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "осы Көлік стратегияның аясында жүзеге асырлып жатқан жобаның бірі - Маңғыстау облысындағы Түпқараған шығанағында суда жүзудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық конвенция талаптарын орындау мақсатында кеме қозғалысын басқаратын жүйе орнату".

Жобаны іске асыру радиусы 25 теңіз миль қашықтықтағы кеменің қозғалысын бақылай алады және 5000 кеменің кіруін қамтамасыз етеді.

Бюджеттегі "Су көлігі инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасы аясында кеме қозғалысын басқаратын жүйе құру жобасына 319 млн. теңге бөлінді. Жобаны іске асыру мерзімі -2006 - 2007 жылдар аралығы.

2006 жылы кестеге сай кеме қозғалысын басқаратын жүйе құрылғысы жеткізіліп, құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күні Түпқараған шығанағында құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, кеме қозғалысын басқаратын жүйе құрылғысы орнатылды. Қазір оны іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Барлық жұмыстар толығымен 2007 жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бойынша Түпқараған шығанағындағы кеме қатынасын басқаратын жүйені пайдалануға беру жұмыстарын қабылдайтын мемлекеттік жұмыс комиссиялары құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны