14.12.2018, 21:07 4445

Маӊғыстау облысыныӊ әкімдігі Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды

Ұсынылған құжат Маӊғыстау өӊірінде іске асырылатын жобаларға қатысты мәселелердіӊ кеӊ спектрін қарастырады, оныӊ ішінде:тұрақты даму, экология, жаӊғыртылатын энергия көздерін құрастыру, энергия тиімділігі және энергия үнемділігі, сандық жүйеге көшу, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өӊдеу жобалары.

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысыныӊ әкімдігі Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

Астана қаласында Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов және "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" (ХЖТИЖО) жетекшісі Рәпіл Жошыбаев өӊірге жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар енгізу мақсатында өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

Ұсынылған құжат Маӊғыстау өӊірінде іске асырылатын жобаларға қатысты мәселелердіӊ кеӊ спектрін қарастырады, оныӊ ішінде:тұрақты даму, экология, жаӊғыртылатын энергия көздерін құрастыру, энергия тиімділігі және энергия үнемділігі, сандық жүйеге көшу, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өӊдеу жобалары.

Биыл тамыз айында Маӊғыстау облысында Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығыныӊ қолдауымен 42 МВт қуаты жел электр станциясыныӊ құрылысы басталды.

Кездесу барысында ХЖТИЖО жетекшісі Рәпіл Жошыбаев бұл бағытта Маӊғыстау өӊірінде белсенді жұмыс жүргізілуде, сондықтан Орталық мүмкіндіктерін энергиялық және экологиялық мәселелерді шешудіӊ оӊтайлы нұсқаларын табуға арналған жан-жақты алаӊға айналдыру керектігін айтып өтті.

Осы мақсатта меморандумға қатысушы тараптар ақпарат алмасу,өӊірдегі кешенді жобаларды іске асыруға көмектесу, инвестициялық, экологиялық, инновациялық және жасыл экономиканы дамытуға арналған ғылыми-білім жобалар барысында бірігіп жұмыс атқаруға келісті.

Техникалық және әкімшілік қолдау аясында, сонымен қатар жасыл инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында ХЖТИЖО "бір терезе" қағидасы негізінде мүдделі тараптарға қызмет атқарады.

"ХЖТИЖО" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "ЭКСПО-2017" көрмесініӊ мұрасы және инфрақұрылымдық базасы негізінде Елбасыныӊ бастамасымен құрылып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Ассамблеясыныӊ 70 жылдық мерейтойында атап өтілді.

Орталық XI Астаналық Экономикалық Форум - GLOBAL CHALLENGES SUMMIT аясында 2018 жылы 17 мамырда таныстырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны