23.11.2012, 18:22 2253

Маңғыстау облысының әкімдігі мен Иділет департаменті арасында меморандум бекітілді

Аталған облыстағы Иділет департаментінінің мәліметінше, облыстық жергілікті атқарушы және әділет органдары арасында қарым-қатынасты нығайту мақсатында бірлесе, облыс аумағында контрафактілік бейне-жазу өнімдердің таралуына қарсы бағытталған өзара түсіністік және құқықтық көмек көрсету құжатын қолдады.

Маңғыстау. 23-қараша. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысының әкімдігі мен Иділет департаменті арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталған облыстағы Иділет департаментінінің мәліметінше, облыстық жергілікті атқарушы және әділет органдары арасында қарым-қатынасты нығайту мақсатында бірлесе, облыс аумағында контрафактілік бейне-жазу өнімдердің таралуына қарсы бағытталған өзара түсіністік және құқықтық көмек көрсету құжатын қолдады.

Оның аясында: зияткерлік меншік құқықтарын және мүдделерін қорғау мәселелері бойынша семинар, конференция және "дөңгелек үстел" ұйымдастырып өткізуге; зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдаланудың жолын кесуге бағытталған келісімді бірлескен әрекет жасау мақсатында екі жақтың өкілдерінен бірлескен жұмыс тобын ұйымдастыруға; базар және сауда орталықтарының басшыларымен контрафактілік бейне-жазу өнімдерінің таралуын (жаппай сату) анықтау және жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға келісті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны