01.08.2018, 07:36 5108

Маӊғыстау облысыныӊ Ақтау қаласында Каспий теӊізі мен шекара маӊындағы аумақтарда "Теӊіз-2018" халықаралық кешенді оқу-жаттығуы өтеді

2018 жылғы 2-3 тамызда Маӊғыстау облысыныӊ Ақтау қаласында Каспий теӊізі мен шекара маӊындағы аумақтарда "Теӊіз-2018" халықаралық кешенді оқу-жаттығуы өтеді,оған төрт елдіӊ - Изірбайжан, Қазақстан, Ресей және Түрікменстанныӊ құтқарушылары қатысады.

Ақтау. 1 тамыз. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 2-3 тамызда Маӊғыстау облысыныӊ Ақтау қаласында Каспий теӊізі мен шекара маӊындағы аумақтарда "Теӊіз-2018" халықаралық кешенді оқу-жаттығуы өтеді,оған төрт елдіӊ - Изірбайжан, Қазақстан, Ресей және Түрікменстанныӊ құтқарушылары қатысады. Жаттығудыӊ бірінші кезеӊі Ақтау қаласында өтетін болады, онда жедел ақпарат алмасу мәселесі қарастырылады.

Оқу-жаттығу Каспий теӊізінде төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімніӊ (2014 жылғы 29 қыркүйектегі) 4-бабына сәйкес өтеді. Оқу-жаттығуды өткізу мақсаты - Каспий маӊы мемлекеттерініӊ құтқару қызметтерініӊ Каспий теӊізі акваториясында төтенше жағдайларға ден қою кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін жетілдіру, олардыӊ бірлескен іс-қимылдары кезінде күштер мен құралдарды қолдану тиімділігін арттыру.

Бірінші кезеӊде 2018 жылғы 2 тамызда Ақтау халықаралық теӊіз порты базасында жедел штабты орналастыру және Төтенше жағдайлардағы дағдарыс менеджменті орталығыныӊ, Маӊғыстау және Атырау облыстарыныӊ төтенше жағдайлар департаментініӊ басқару орталығы, Каспий маӊы мемлекеттерініӊ авариялық агенттіктерініӊ және Каспий маӊы мемлекеттерініӊ авариялық-құтқару қызметтерін шартты енгізуді дамыту үшін пайдалану жоспарлануда.БАҚ өкілдері үшін брифинг бейнеселектор кеӊесті өткізу барысында үзілісте өткізіледі. Екінші кезеӊ 2018 жылғы 3 тамызда Баутино теӊіз портында өтеді. Сәйкес инфрақұрылымы бар базада - Теӊіз кемелері үшін айлақ, бақылау мұнарасы, құтқару командаларыныӊ құрылысыныӊ орны, тікұшақ платформалары бар.Құтқарушылар тобы төтенше жағдайларды жою іс-шараларын бірлесіп әзірлейді. Құтқарушылар теӊіздегі қиындықтарға тап болған адамдарды іздейді және құтқарады, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, оларды судан арнайы құтқару технологиясымен құтқару кемесіне жеткізеді. Жаттығуға 500-ден астам қызметкер мен 78-ге жуық арнаулы техника, 2 дана БЕ-200 ұшағы, 7 бірлік тікұшақ, сондай-ақ 7 бірлік теӊіз кемелері мен 7 бірлік құтқару қайықтары қатысады.

Маӊғыстау облысыныӊ ТЖД баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны