12.02.2007, 14:22 3192

Маңғыстау облысының аумағында 2006 жылдың қорытындысы бойынша 13 мың тоннадай қатты радиоактивті қалдықтар жиналған

АҚТАУ. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Маңғыстау облысының аумағында 2006 жылдың қорытындысы бойынша 13 мың тоннадай қатты радиоактивті қалдықтар мен 2939,9 текше метр сұйық радиоактивті қалдықтар жиналған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Маңғыстау облысының аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасынан хабарлады.

Басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта Маңғыстау облысында бірнеше радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтайтын орындар бар.

Олардың біреуі "ҚазМұнайГаз" Барлау. Өндіру" АҚ-ның "Өзенмұнайгаз" өндірістік бөлімшесінің аумағында орналасқан. Бұл жерде 4046,7 тонна қатты радиоктивті қалдықтар жиналған, олардың 3500,05 тоннасы - металл сынықтары, ал мұнай шламдары - 522,1 тонна, окалина - 24,55 тоннаны құрап отыр. 2005 жылы бұл сақтау орындарында 7493,194 қатты радиоактивті қалдықтар болған.

2006 жылы "МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі" ЖШС қатты радиоактивті қалдықтарын сақтау пунктіндегі активтілігі төмен қатты радиоактивті қалдықтар - 6379,32 тонна, олардың біріккен активтілігі 2,29*1012 беккерель (Бк), активтілігінің ара салмағы 3,75*105 Бк/кг; активтілігі орташа қатты радиоактивті қалдықтар - 642,02 тонна, олардың біріккен активтілігі 4,16*1013 Бк, активтілігінің ара салмағы 6,5*107 Бк/кг; активтілігі жоғары қатты радиоактивті қалдықтар - 169,04 тонна, олардың біріккен активтілігі 4,7*1014 беккерель (Бк)/кг, активтілігінің ара салмағы 2,9*109 Бк/кг құрап отыр.

Қалдықтар сақтау қоймасында сұйық радиоактивті қалдықтардың көлемі - 2939,9 тонна, олардың біріккен активтілігі 3,59*1014 кюри (Ки), активтілігінің ара салмағы 12*108 Бк/л.

"МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі" ЖШС қалдықтар сақтау қоймасында 2005 жылғы қатты радиоактивті қалдықтардың жалпы салмағы 6897,47 тоннаны, соның ішінде радиоактивті металл сынықтары - 4828,229 тоннаны құраған.

Тағы екі қатты радиоактивті қалдықтар сақтау пункттері "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ына қарасты Қаламқас пен Жетібай кеніштерінде. Бұл жерлерде 1741,776 тонна қатты радиоактивті қалдықтыр жиналған. 2005 жылы бұл полигондарда 210 тонна қатты радиоактивті қалдықтар болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны