10.09.2012, 15:34 3554

Маңғыстау облысының бюджеті 22,5 млрд. теңгеге көбейді

Бұл туралы облыстық мәслихаттың V шақырылымындағы кезектен тыс алтыншы сессиясында белгілі болды."Ағымдағы жылы Маңғыстау облысының бюджеті 107,9 млрд. теңге көлемінде бекітілді. Болжамданатын өзгерістерді есепке алғанда ол 22,5 млрд. теңгеге көбейтіліп, 130,4 млрд. теңгені құрайды", - деп атап өтті облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Шолпан Ілмұханбетова.

Ақтау. 10-қыркүйек. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысының бюджеті 22,5 млрд. теңгеге көбейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың V шақырылымындағы кезектен тыс алтыншы сессиясында белгілі болды."Ағымдағы жылы Маңғыстау облысының бюджеті 107,9 млрд. теңге көлемінде бекітілді. Болжамданатын өзгерістерді есепке алғанда ол 22,5 млрд. теңгеге көбейтіліп, 130,4 млрд. теңгені құрайды", - деп атап өтті облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Шолпан Ілмұханбетова.

Бұл қаражат әлеуметтік нысандардың құрылысына, "Ақ бұлақ", тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жобаларына және аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.

Бұдан басқа, республикалық бюджеттен 45 млрд. теңге бөлінді. Салыстырар болсақ, өткен жылы бұл сома 35 млрд. теңге болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны