01.11.2006, 16:57 3242

Маңғыстау облысының жаңа прокуроры тағайындалды

АҚТАУ. 1 қараша. Kazakhstan Today. Маңғыстау облысына жаңа прокурор тағайындалды. Кеше облыс басшысы Қырымбек Көшербаев пен Бас прокурордың орынбасары Мерей Ваисов, осы қызметке тағайындалған Асқар Досекеновты таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Досекеновтың осы қызметке тағайындалуы Республика президентінің келісімімен және бас прокурордың бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды",-деді облыстың жаңа прокурорын таныстырған М.Ваисов.

Сондай-ақ, А. Досекенов облыстық прокуратура алқасының төрағасы қызметіне бекітілді.

А. Досекенов 1959 жылы Алматыда туып өскен. Прокуратура органдарында 1981 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2005 жылдың тамыз айынан бері Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны