26.06.2008, 13:41 2408

Маңғыстау облыстық әкімдігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Маңғыстау облыстық әкімдігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ақтау. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облыстық әкімдігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі кеше өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, құжатты аталған жақтардың атынан облыс әкімінің орынбасары Михаил Бортник пен банк тобының инфрақұрылым жөніндегі директоры Томас Майер бекітті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Т. Майердің айтуынша, меморандумға сәйкес, Еуропалық қайта құру және даму банкі жергілікті корпоративтік секторды, соның ішінде жылжымайтиын мүлік, туризм, бөлшек сауда, энергетика, қуат үнемдеу, коммуналдық шаруашылық салаларын қайта құрылымдау процессіне септігін тигізеді.

Еуропалық қайта құру және даму банкі бұған қоса қаржылық қызмет көрсету секторының дамуына, олардың бәсекелестік қабілетін көтеруге, корпоративтік басқаруды жақсартуға көмектеседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны