16.07.2018, 16:11 4359

Маӊғыстауда 2000 теӊге пара ұсынған көлік жүргізушісі 336 700 теӊге көлемінде айыппұл төлейтін болды

Айта кету керек, жеке тұлғамен заӊсыз материалдық сыйақы беру фактісі автокөлік жолдарында сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту жөніндегі 10 қадам жоспары бойынша қоғам өкілдерініӊ қатысуымен рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында анықталып отыр.

Ақтау. 16 шілде. Kazakhstan Today - Маӊғыстауда жол қозғалысы ережесін бұзған көлік жүргізушісі жол сақшысына - "Келісейік, көмектесіп жібер, қазақпыз ғой" деп, 2000 теӊге бергені үшін басы бәлеге қалып, 336 700 теӊге көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Оқиға 20 маусымда "Ақтау - Жетібай" тас жолыныӊ 16 шақырымында болған. Газель автокөлігін тізгіндеген К.Төлешов үзіксіз жолақты кесіп өткені үшін Маӊғыстау облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметініӊ жол-патрульдік полиция қызметкері Т.Оразұлымен тоқтатылған.

Жауапкершіліктен жалтарғысы келген көлік жүргізуші жол сақшысына 2000 теӊге заӊсыз материалдық сыйақы ұсынғаны белгілі болған. Аталмыш іс ішкі істер департаментініӊ өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Маӊғыстау облысы бойынша департаментіне жолданған. Мұнан соӊ сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасыныӊ бас маманы Е.Сисеналиев көлік жүргізушісініӊ үстінен ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексініӊ 676 бабымен әкімшілік іс қозғап, сотқа жолдаған.

Мұнайлы аудандық әкімшілік сотында қаралған материал бойынша, жауапкершілікке тартылған көлік жүргізушісі өз кінәсін толықтай мойындап, шынайы өкінгенін және өзініӊ жұмыссыз екендігін, асырауында кәмелеттік жасқа толмаған үш баласыныӊ барын, денсаулығыныӊ сыр бергенін алға тартып қатаӊ жаза қолданбауын өтінген.

Судья барлық мән-жайды ескеріп, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жаза қолдануды жөн деп тапқан. 819 баптыӊ 2-ші бөлігін назарға алып, салынатын 481 000 теӊге көлеміндегі әкімшілік айыппұл мөлшерін 30 % төмендетіп, нәтижесінде 336 700 теӊге көлемінде әкімшілік айыппұл салу жазасын қолдануды жөн деп тапқан.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Маӊғыстау облысы бойынша департаментініӊ басшысы, Идеп жөніндегі кеӊес төрайымы Нұргүл Жанназарованыӊ айтуынша, елімізде соӊғы кездері әкімшілік жаза қолдану кезінде осындай ірі көлемде айыппұл салу практикасы жиі енгізіліп жүр.

"Кез-келген жүргізуші немесе мемлекеттік орган қызметкері осыдан нәтиже шығарса игі. Заӊ алдында барлығыныӊ құқықтары мен міндеттері бірдей. Барлығы да таныс-тамыр арқылы немесе сыйақы беріп жауапкершіліктен құтылып кетемін деген ойдан арылуы қажет. Талапты орындап тәртіпті сақтамасаӊыз, мойыныӊызға жүз мыӊдаған айыппұл арқалаумен жүресіз. Таӊдау қашанда өз еркіӊізде", - дейді ол.

Айта кету керек, жеке тұлғамен заӊсыз материалдық сыйақы беру фактісі автокөлік жолдарында сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту жөніндегі 10 қадам жоспары бойынша қоғам өкілдерініӊ қатысуымен рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында анықталып отыр.

Ал заӊсыз сыйақыдан бас тартқан жол инспекторыныӊ заӊды әрекеті, оныӊ әріптестеріне үлгі болары анық. Бұл ретте агенттіктіӊ аумақтық департаменті ішкі істер органдарыныӊ басшылығына полиция қызметкері Т.Оразұлына алғыс жариялау туралы ұсыныс бермек.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Маӊғыстау облысы бойынша департаментініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны