01.03.2018, 15:03 4673

Маӊғыстауда алғыс айту 30 күнге жалғасады

Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов "Асар" қайырымдылық шарасыныӊ жалғасы ретінде "Жомарт Жүрек" акциясын жариялады. Қайырымдылық шарасы наурыздыӊ 1-31 аралығында облыс бойынша өтеді

Ақтау. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов "Асар" қайырымдылық шарасыныӊ жалғасы ретінде "Жомарт Жүрек" акциясын жариялады. Қайырымдылық шарасы наурыздыӊ 1-31 аралығында облыс бойынша өтеді.

Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов алдымен облыстық мүгедектер мен қарттар үйі мен ҰОС ардагерлерін мерекемен құттықтай отырып, тәуелсіз мемлекетіміздіӊ қалыптасуына, өӊірдіӊ дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтты. Шара барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов "АСАР" қайырымдылық шарасыныӊ басталғанын салтанатты түрде жариялап, облыстық мүгедектер мен қарттар үйіне арнайы сыйлығын тарту етті.

"Өздеріӊіз жақсы білетіндей, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ 2016 жылғы Жарлығына сәйкес, 1 наурызда елімізде Алғыс айту күнін атап өтеміз. Сондықтан көктемніӊ шуақты мерекесі алғыс айтуды өздеріӊізден бастауды ұйғардық. Бұл жай мереке емес. Алдымен, ұлан-байтақ даламызды бізге аманат еткен ата-бабамызға алғыс айтамыз. Ике-шешемізге, ұстаздарымызға, дәрігерлерге, Отан қорғаушыларымызға және еліміздіӊ ертеӊі жастарға алғысымыз шексіз!Қаншама қиын кезеӊдерді бірге өткізіп, талай жеӊістердіӊ басы-қасында бірге болып, Елбасыныӊ әрбір бастамасына қолдау көрсеткен халқымызға, соны жүзеге асырған Елбасыға рақмет айтамыз! Айтуға оӊай шығар бірақ соныӊ бәрін өз қолымен жасау оӊай емес. Қаншама тер төгілді. Тәуелсіз Қазақстанныӊ шекарасы бекітілді. Бүкіл дүниежүзініӊ мемлекеттері мойындады. БҰҰ-да Қазақстан Елбасыныӊ төрағалығымен үлкен кеӊестер өткізіп жатыр. Оныӊ сардарлы салмақты саясатыныӊ арқасында тәуелсіз Қазақстан үшін, оныӊ тұғырлықазығын қаққаны үшін, дүниежүзіне үлгілі ел болғанымыз үшін рақмет!

Елдіӊ алғысына бөленіп, жүрекке жылу сыйлау үшін "Жомарт жүрек" қайырымдылық акциясын бастауды ұсынамын. Өздеріӊіз жақсы білетіндей, биыл жыл басында облыс бойынша "Асар" қайырымдылық шарасын бастаған болатынбыз. Нәтижесінде, 30 миллионнан аса қаржы жиналып, үш жарым мыӊ отбасыға (3500) көмек көрсетілді. Бұл бастама тек бұнымен тоқтап қалмайтынын айтқан болатынмын. Ендеше, бүгін міне, игі іс дәл осы шарада, дәл осы уақытта салтанатты түрде жалғасын таппақ", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

"Мен баршаӊызды Алғыс айту мерекесімен құттықтап, алдымен денсаулық тілегім келеді. Сондай-ақ, Президентіміз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевқа еліміздегі бейбітшілік, тыныштық, бірлік пен береке үшін шын жүректен алғыс айтамын! Қарттарын ұмытпай қажет етіп, үнемі қамқорлық танытатын облыс басшылығына, мәдени және ұлттық орталықтар өкілдеріне ризашылығымды білдіремін!", - деді Надежда Аустрина.

30 күнге жалғасатын "Жомарт жүрек" қайырымдылық акциясыныӊ мақсаты - халықтыӊ әлеуметтік осал топтары: аз қамтылған отбасыларға, мүгедек балалары бар жанұяларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және ҰОС ардагерлеріне көмек көрсету, олардыӊ тұрмыстық-әлеуметтік қажеттілігін өтеу. Сонымен қатар, 1 ай бойы "Жомарт-Жүрек" экспозициясымен арнайы автокөлік облыстыӊ екі қаласы мен барлық ауданын аралайды. Көмекке мұқтаж жандар өздерініӊ сұранысын жазып, жәшікке сала алады.Барлық ниет білдіруші мұқтаж жандарға көмек көрсете алады. Сонымен қатар Наурыз айында бүкіл өӊірде "Жомарт-Жүрек" қайырымдылық марафоны аясында 20-дан астам іс-шара өтеді. Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны