03.01.2018, 14:14 5471

Маӊғыстауда "Асар"қайырымдылық акциясы басталды

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Маӊғыстаулықтарға "Асар" қайырымдылық акциясын өткізуге үндеу тастады.

Ақтау. 3 қаӊтар. Kazakhstan Today -Маӊғыстауда "Асар"қайырымдылық акциясы басталды.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Маӊғыстаулықтарға "Асар" қайырымдылық акциясын өткізуге үндеу тастады.

Акцияныӊ мақсаты - халықтыӊ әлеуметтік осал топтары: аз қамтылған отбасыларға, мүгедек балалары бар жанұяларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және ҰОС ардагерлеріне көмек көрсету, олардыӊ тұрмыстық-әлеуметтік қажеттілігін өтеу.

Өӊір басшысы Ералы Тоғжанов қала мен аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына, "Атамекен" ҚР Кәсіпкерлерініӊ Ұлттық палатасымен аймақтағы ірі компания өкілдеріне, кәсіпкерлерге осы акцияға атсалысуға шақырды. Сонымен бірге Маӊғыстау тұрғындарына да Жаӊа жыл алдында жаппай көмек көрсетіп, ізгілікті іс жасау туралы ұсыныс тасталды.

"Асар - бұл ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптыӊ бір түрі. Қол күшін керек ететін, көпшіліктіӊ қатысуымен орындалатын жұмыс. Қазақ ауылында бір отбасыныӊ қолынан келмейтін күрделі, көлемді жұмыстарды атқару үшін бірнеше ауылдыӊ адамдары асарға шақырылған. Асарға шақырылғандар еӊбегі үшін төлемақы талап етпейді. "Асар" халқымыздыӊ бірлігін, көмек қолын беруге, жақын дос адамдарға қамқорлық жасайтынын көрсетеді. Сондықтан барлық Маӊғыстаулықтарды қайырымдылық акциясына қатысуға атсалысып, көмек көрсетуге шақырамын",-деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Илеуметтік аз қамтылған отбасыларға қамқорлық жасау әр түрлі бағытта көрсетілмек: азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек және басқа да қажеттіліктерін алып беру, деп хабарлайды Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны