22.08.2018, 20:12 4221

Маӊғыстауда оқу жылы басында 16 600 бала бірінші сыныпқа барады

Бүгін Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжановтыӊ төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды.

Ақтау. 22 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжановтыӊ төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудыӊ 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыныӊ іске асырылу (2018 жылғы 6 айдыӊ қорытындысы) барысы туралы - Индустриялық-инновациялық даму басқармасыныӊ м.а. Тілеген Едігеев баяндады.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасыныӊ көрсеткіштерініӊ динамикасы: өӊдеу өнеркәсібініӊ экспорты - 114, 4%-ға, өӊдеу өнеркәсібіндегі еӊбек өнімділігі - 142,2% - ға, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі - 106,0% орындалса, өӊдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі - 112,0% орындалды. 2018 жылғы қаӊтар-маусым айларындағы өӊдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,8 млрд.теӊгені құраса, өндіріс көлемі сәйкесінше алдыӊғы жылмен салыстырғанда 12,0% өсіп (ИФО- 112,0%) 118,7 млрд. теӊгені құрады. 2017 жылдыӊ қантар-желтоқсан айында өӊдеу өнеркәсібінде жұмыспен қамтылғандар саны 16,8 мыӊ адам.

"Кәсіпкерлікті қолдау қартасы аясында үш жылда жалпы құны 152,7 млрд. теӊге құрайтын 9 жоба пайдалануға беріліп, 944 жаӊа жұмыс орны ашылды. Карта аясында 2018 жылы жалпы сомасы 11,5 млрд. теӊгені құрайтын 4 жоба іске асыру және 223 жұмыс орны ашылуы жоспарланған.

Биылғы жылдыӊ мамыр айында "Бест-Груп" ЖШС күн элекростанциясы жобасы іске асырылған", - деді Тілеген Едігеев. "Жылыту маусымына дайындық барысы туралы" - облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ басшысы Сапар Аманбеков баяндап өтті. Бүгінгі күнге дейін төрт арнайы штаб отырысы өткізіліп, облыстыӊ негізгі кәсіпорындарыныӊ жылыту маусымына өте жақсы деӊгейде жүріп жатқанын мәлімдеді. "МАЭК - Қазатомөнеркәсіп" ЖШС бойынша негізгі қондырғылардыӊ дайындығы 85% құрайды, "МЭБК" АҚ бойынша дайындығы 90% құрайды. Сондай-ақ, әлеуметтік салалар бойынша дайындық жұмыстары төмендегідей: 388 білім беру нысандарыныӊ 369 дайын (95%), 102 денсаулык нысандарынан - 91 дайын (89%), 140 әлеуметтік нысандардыӊ -122 дайын (87%), тұрғын үй бойынша - 1541 көпқабатты үйдіӊ 1356 дайын (88%), (сумен сынау және жуу жұмыстары), қалған үйлер ағымдағы жылдыӊ 1 қыркүйегіне дейін дайын болады- деді Сапар Аманбеков.

Жаӊа 2018-2019 оқу жылына дайындық туралы - Білім басқармасы басшысыныӊ м. а. Нұрлыбек Қойжанов баяндады. Облыста 271 мектепке дейінгі ұйым, 143 мектеп, ТжКБ 27 ұйымы, қосымша білім беру ұйымдары 15 жұмыс істейді. 1 қыркүйекте 134 129 оқушы мектепке барады, оныӊ ішінде бірінші сынып оқушыларыныӊ контингенті 16600 оқушыны құрайды. Жаӊа оқу жылыныӊ басында күтілетін желі саны - 143 мемлекеттік және 5 жекеменшік мектеп. Биыл облыста - 9 мектеп ашылды. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға жергілікті бюджеттен 1 млрд. 546 млн. 512 мыӊ қаржы бөлінді.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны