06.07.2018, 15:20 6796

Маӊғыстаулықтар Астана қаласыныӊ 20 жылдығына орай мерекелік медальмен марапатталды

Салтанатты шарада облыс әкімі Ералы Тоғжанов Маӊғыстау халқын мерекемен құттықтап, ел игілігі үшін еӊбек етіп жүрген бір топ қызметкерлерді Астана қаласыныӊ 20 жылдығына орай алғыс хатпен марапаттады.

Ақтау. 6 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Н.Жантөрин атындағы Маӊғыстау облыстық драма театрында Астана қаласыныӊ 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.Мемлекет басышысы Н.И.Назарбаев биылғы халыққа арнаған жолдауында: "2018 жыл - Елордамыз Астананыӊ 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздыӊ қалыптасуы және Еуразияныӊ маӊызды даму орталықтарыныӊ қатарына қосылуы - баршамыздыӊ ортақ қуанышымыз" деген болатын.

Расында бұл тек Елорданыӊ ғана емес,тұтас Қазақ елініӊ мерекесі, халқымыздыӊ қуанышы.

Салтанатты шарада облыс әкімі Ералы Тоғжанов Маӊғыстау халқын мерекемен құттықтап, ел игілігі үшін еӊбек етіп жүрген бір топ қызметкерлерді Астана қаласыныӊ 20 жылдығына орай алғыс хатпен марапаттады.

Дәлірек айтсақ, Қазақстан Республикасыныӊ және Астана қаласыныӊ қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2018 жылғы 20 маусымдағы № 706 Жарлығы бойынша бір топ азамат "Астана 20 жыл" мерекелік медалімен наградталды.

Өӊір басшысы Ералы Лұқпанұлы: "Президентіміз Астананы әлемдегі бірліктіӊ символына айналдырды. Бүгінде Елбасымыз бен Елордамыз егіз ұғым. Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріміздіӊ бәрі бас қаламыздан бастау алады. Бейбітшілік пен татулықтыӊ, бірлік пен берекеніӊ ордасына айналған Астана арқылы бүкіл әлем тәуелсіз Қазақ елін таныды. Дүниежүзіне Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлыныӊ есімін мойындатты. Осыныӊ барлығы еліміздегі тұрақтылықтыӊ, халқымыздыӊ Елбасымызға деген үлкен сенімі мен қолдауыныӊ нәтижесі деп білемін.Ұлы Еуразия кіндігі - Сарыарқаныӊ төрінде көтерген шаӊырағымыз құтты болып, қысқа ғана уақыттыӊ ішінде Астана - Отанымыздыӊ жүрегі, халқымыздыӊ мақтанышы, рухани өрлеуіміздіӊ, экономикалық дамуымыздыӊ қозғаушы күшіне ие болды",- деді.

"Астана 20 жыл" медалімен марапатталғандар:

Айдаров Асылбек еӊбек ардагері, Ақкенжеев Шынабай еӊбек ардагері, Ибдрәсілов Қайрат, МАЭК-Казатомөнеркәсіп" ЖШС бас директоры, Күнзила Жақыпқызы "Аль-Фатима" қоғамдық қорыныӊ директоры, Иміров Табылды Мұнайлы аудандық қоғамдық кеӊесініӊ төрағасы, Стефан Федорович Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері, Досанова Айкүміс Түпқараған аудандық мәслихатыныӊ хатшысы, Егізқараев Құлжан еӊбек ардагері, Ережепов Қайролла еӊбек ардагері, Ертілеуов Аманқос Маӊғыстау аудандық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы, Есжанова Салиха еӊбек ардагері, Капуов Илімғали еӊбек ардагері, Карась Надежда "Волна" Ақтау кондитерлік зауыты" ЖШС директоры, Көбеген Іӊірбай еӊбек ардагері, Күмісқали Есен еӊбек ардагері, Қартбай Аманжол Ақтау қалалық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы, Оразов Орысбай еӊбек ардагері, Өтегенов Айтуар еӊбек ардагері, Сахимов Или еӊбек ардагері, Сражанов Сәрсен Жетібай ауылы ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы, Сейбағытов Даржок Форт-Шевченко қалалық ардагерлер ұйымыныӊ төрағасы, Таӊғұлов Боқан Форт-Шевченко қалалық ардагерлер ұйымыныӊ төрағасы, Тұрарбеков Бердібек еӊбек ардагері, Үсенов Қойшыбай еӊбек ардагері.

Салтанатты жиын концерттік бағдараламамен жалғасты, деп хабарлайды Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны