18.06.2010, 12:22 4274

Мәншүк Мәметова атындағы мұздықтың етегіндегі көл арнасынан асса Алматыны сел басуы мүмкін сарапшы

"Көл тасыған жағдайда бөген бөгеп қалады, ал егер бөген бөгеп қала алмаса қаланың жартысы сел шайып әкетеді. Сел Райымбек көшесіне дейін, Иуезов көшесінен Көктөбеге дейінгі аумаққа жетуі мүмкін",- деді Б. Степанов.

Алматы. 18-маусым. Kazakhstan Today Мәншүк Мәметова атындағы мұздықтың етегіндегі көл арнасынан асса Алматыны сел басуы мүмкін. Бұл туралы кеше Алматы қаласы ТЖД Мәншүк Мәметова атындағы мұздықтың етегіндегі № 6 көлдің ахуалы туралы мәселеге қатысты өткен жиналысты "Қазгидромет" РМК бас ғылыми қызметкері, профессор Бория Степанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Көл тасыған жағдайда бөген бөгеп қалады, ал егер бөген бөгеп қала алмаса қаланың жартысы сел шайып әкетеді. Сел Райымбек көшесіне дейін, Иуезов көшесінен Көктөбеге дейінгі аумаққа жетуі мүмкін",- деді Б. Степанов.

Оның айтуынша, № 6 көлі үшін қауіпсіз деп айта алатындай көл деңгейі әлі күнге дейін анықталмай отыр. "Қазір қауіпсіз деңгейді анықтау үшін арнайы комиссия құрылған",- деді Б. Степанов.

"Меніңше, көл тасыған кезде селді бөген ұстап қалатындай болса, осы осындай деңгейін қауіпсіз деңгей деп атауға болады. Ал егер одан көп болса, онда бөген селді ұстап қала алмайды",- деп атап көрсетті ғалым.

Оның айтуынша, ең бірінші көл көлемін 100-ден 120 мың текше метрге дейін төмендету керек. Осыдан кейін геофизикалық зерттеу жүргізген жөн. "Ал геофизикалық зерттеу жүргізілгеннен кейін көл толығымен жойылып кетуі үшін су төмен қарай ағатын арнаны жасау қажет",- дейді ғалым.

Министрдің айтуынша, ең алдымен - "арнаны тазалау жұмысын арттырып, көлдің ахуалын бақылауды күшейту керек және де барлық ғылыми пысықтау мәселелерін зерделеу қажет".

Жиналысқа қатысушылар көлдегі су көлемін қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуге қатысты алдын алу шараларын тез арада жүргізу керек деген шешімге келді. Сондай-ақ, көлдің ахуалын анықтауға қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. "Қазселден қорғау" мамандары арнаны тазалау үшін арнайы техникаларды тарту жөніндегі мәселені тез арада қарастырулары қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны