10.06.2008, 17:34 2875

Марат Оразаев ҚР ауылшаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Марат Оразаев ҚР ауылшаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Үкіметтің қаулысымен Марат Оразаев ҚР ауылшаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі еліміздің ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін үкіметтің қаулысымен Марат Аблахатұлы Оразаев ҚР ауылшаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

"М. Оразаев 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. 1991 жылы Алматы халықшаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірді", - делінген құжатта.

М. Оразаев түрлі жылдарда Қаржы министрлігінде жұмыс істеген, бүгінге дейін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің қаржылық қамтамасыздық департаментінің директоры қызметін атқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны