28.10.2016, 16:38 17843

Мардан Сапарбаев атындағы Оӊтүстік Қазақстан облыстық гуманитарлық институтыныӊ студенттері келешек жұмыс берушілермен жүздесті

Мардан Сапарбаев атындағы Оӊтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік гуманитарлық институтында барлығы 4,5 мыӊнан астам студент оқиды. Олардыӊ барлығы 15 мамандық бойынша білім алуда.

Шымкент. 28 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысындағы таӊдаулы ЖОО бірі - Мардан Сапарбаев атындағы Оӊтүстік Қазақстан облыстық гуманитарлық институт сұранысқа ие, сауатты жас мамандарды дайындауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мардан Сапарбаев атындағы Оӊтүстік Қазақстан облыстық гуманитарлық институты өз студенттерініӊ еӊбек нарығында сұранысқа ие болуы үшін қолдан келгенніӊ бәрін жасайды. Жуырда келешек түлектер потенциалдық жұмыс берушілермен кездесті. Бейресми, галстуксіз өткен кездесу- сұхбат кезінде студенттер жұмыс берушілермен жүздесіп, оларға өздерін қызықтырған сауалдарды қоя алды.

Жұмысқа орналасудыӊ қиындығы, алдын-ала сұхбат, келешек перспективалар. Мардан Сапарбаев атындағы Оӊтүстік Қазақстан облыстық гуманитарлық институт түлектерін осы сауалдардыӊ барлығы қызықтырады. Үшінші және төртінші курс студенттері келешек жұмыс орнын қазірден бастап іздестіре бастаған. Сондықтан, келешек жұмыс берушілермен кездесу арманға жақындата түспек.

Жас мамандармен кездесуге мемлекеттік қызметкерлер мен ірі кәсіпорындардыӊ басшылары келді. Бұлардыӊ көбісі потенциалдық жұмыс беруші ретінде алғаш рет келіп отырған жоқ және Мардан Сапарбаев атындағы Оӊтүстік Қазақстан облыстық гуманитарлық институтыныӊ түлектерін ұдайы үлкен ықыласпен жұмысқа қабылдайды. Кәсіпкерлердіӊ пікірінше, бұл ЖОО-да расында да кәсіби білікті мамандар дайындалады.

Заурет Қабылбекова: "Мардан Сапарбаев атындағы Оӊтүстік Қазақстан облыстық гуманитарлық институты - сабақ үлгерімі нашар студенттерді оқудан шығаратын облыстағы жалғыз оқу орны. Бұл - институттыӊ өз беделін қастерлейтінініӊ белгісі. Ал студенттер - ЖОО бет-бейнесі. Мардан Сапарбаев атындағы Оӊтүстік Қазақстан облыстық гуманитарлық институты расында да білімді мамандарды дайындап шығарады".

Мардан Сапарбаев атындағы Оӊтүстік Қазақстан облыстық гуманитарлық институты облыстағы басқа ЖОО-дарынан біршама айырмашылықта. Көптеген жылдардан бері ол жеке меншік ЖОО арасынан облыстағы ҰБТ өткізу бойынша жалғыз базалық оқу орны болып табылады. Ал "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығы бойынша білім игеруші студенттер ҚХР Шыӊжан педагогикалық университетінде тілдік тәжірибеден өтеді.

Гүлшара Сапарбаева, Мардан Сапарбаев атындағы Оӊтүстік Қазақстан облыстық гуманитарлық институтыныӊ президенті: "Біздіӊ студенттер дуальдық жүйе бойынша оқиды. Кәсіпорындарда өз мамандықтары бойынша күнде тәжірибеден өтеді. Оқу жылыныӊ аяғында тәжірибеден өткен сағаттан саны 360 сағатқа жетеді, бұл - жақсы көрсеткіш. Оныӊ үстіне біз оқу жоспарларымыздыӊ жұмыс берушілерге жібереміз және олар өз толықтыруларын енгізеді. Бұл уақыт талабынан кенжелеп қалмауға мүмкіндік береді".

Мардан Сапарбаев атындағы Оӊтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік гуманитарлық институтында барлығы 4,5 мыӊнан астам студент оқиды. Олардыӊ барлығы 15 мамандық бойынша білім алуда. Институт түлектерініӊ басым бөлігі оқу орнын бітіре салысымен жұмысқа тұрады және бүкіл ел бойынша сұранысқа ие.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны