06.10.2015, 15:13 4384

Марихуана шекарадан өтпеді

Тиісті орындар тексеру жүргізуде.

Астана. 07 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметініӊ "Солтүстік" өӊірлік басқармасына қарасты "Семей" жеке тексеріп өткізу бекетініӊ "Ауыл теміржол" көліктік өткізу бекетінде үстіміздегі жылдыӊ қазан айыныӊ 4-і күні күндізгі сағат 13.00-де Қазақстаннан Ресейге қарай "Семей-Локоть" бағыты бойынша жүргелі тұрған № 3494 пойызын тексеру барысында, шекара наряды арнайы үйретілген қызметтік иттіӊ көмегімен № 23 вагонныӊ дөӊгелектер жұбындағы серіппелерге тығылған, салмағы 500 граммнан астам "марихуана" есірткісіне тән иісі бар кептірілген шөп түйіншегін тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тиісті орындар тексеру жүргізуде.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны