12.03.2012, 14:14 3549

Мәскеу 11-сандық нөмірге көшеді

Бұдан бұрын станция кез келген нөмірді 11-санмен теруді көздейтін жүйеге көшіруді қаңтар айына жоспарлаған болатын, алайда оған қажетті жабдықтар дер кезінде толық әзір болмай қалды.

Астана. 12-наурыз. Kazakhstan Today - Мәскеу қалалық телефон станциясы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап 4,4 миллион пәтерді 11-сандық нөмірге көшіреді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы кеше "Ведомости" газеті хабарлаған.

Бұдан бұрын станция кез келген нөмірді 11-санмен теруді көздейтін жүйеге көшіруді қаңтар айына жоспарлаған болатын, алайда оған қажетті жабдықтар дер кезінде толық әзір болмай қалды.

1 шілдеден бастап, жеті санды нөмірдің алдында "8" және үш сандық "495", "498" немесе "499" нөмірлерін теру қажет болады. Бұған дейін мәскеуліктер 495 кодының ішіндегі қоңыраулар үшін жеті нөмірді ғана теретін.

Басқа қалаларға және елдерге телефон шалуда нөмір теру тәртібі өзгермейді. Сондай-ақ шұғыл және анықтама қызметтерін шақыру тәсілі де бұрынғыша қалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны