05.10.2007, 14:06 2678

Мәскеу әкімшілігі скинхедтердің әрекеттерін сынға алды

Мәскеу әкімшілігі скинхедтердің әрекеттерін сынға алды

Баку. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеу әкімшілігі өзге ұлттағы адамдарға қарсы бағытталған скинхедтердің әрекеттерін сынға алады. Бұл туралы Бакуде өткен баспасөз мәслихатында Мәскеу мэрінің орынбасары Людмила Швецова мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Мэр орынбасарының айтуынша, мұндай жастар - кез келген қоғам үшін ұят нәрсе, "бұл ең қатал сындардың тақырыбы". Людмила Швецованың пайымдауынша, құқық қорғау органдары әрбір дерек бойынша шаралар қолданылуы, сот органдарында скинхедтердің әрекеттерінің ара-жігінің толық ажыратылуы, бұл адамдардың жазалануы қажет.

"Скинхедтердің Мәскеу тұрғындарының белгілі бір бөлігіне шабуыл мәселесі өте өткір тұр. Біз скинхедтердің кез келген әрекеттерін сынға аламыз. Оның үстіне, олар өздерінің шабуылдарын тек Кавказдықтарға ғана арнап жатқан жоқ", - деді Людмила Швецова.

"Біз қазір қоғамдық сананы толеранттылыққа тәрбиелеуіміз керек. Біз 140 ұлт пен 13 негізгі конфессиялар қаласымыз... және біздің қаламыздың тұрғындары мұны түсінуі керек", - деп атап өтті Людмила Швецова.

Ол Мәскеу қаласының әкімшілігі қалалықтардың бойына "бейбітшілік және толеранттылық мәдениетін" сіңіруге бағытталған шараларды жүргізу үшін көптеген қаражат бөліп отырғандығын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны