01.07.2008, 18:39 3026

Мәскеу Қырғызстанға 113 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Мәскеу Қырғызстанға 113 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Бішкек. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеу үкіметі 2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың қаңтарында жер сілкінісінен зардап шеккен Қырғызстанның оңтүстік аудандарына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қырғызстанның Ресейдегі елшілігінің өтінішімен шығарылған Мәскеу үкіметінің шешіміне сәйкес жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардың тұрғындарына азық-түлік өнімдері, шатырлар, балалар киімдері, мектеп жиһаздары, жылытқыштар және басқа да бірінші қажеттіліктегі заттар берілген. Жалпы салмағы 113 тонна болатын жүк Қырғызстанға шілденің алғашқы күндері келіп жетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны