29.03.2010, 13:41 3148

Мәскеу метросының екі станциясындағы жарылыстардан метроның өзі бүлінген жоқ

Мәскеу метросының екі станциясындағы жарылыстардан метроның өзі бүлінген жоқ

Алматы. 29 наурыз. Kazakhstan Today - Мәскеу метросының екі станциясындағы жарылыстардан метроның өзі бүлінген жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" агенттігіне сілтеме жасап.

РФ прокуратурасының жанындағы тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркиннің хабарлауынша, жарылыстар араға жарты сағат салып ("Лубянка" станциясында 8.00-де, "Парк культуры" станциясында - 8.30-да) есік жабылатын сәтте болған. Қазір тергеушілер мен криминалистер жарылғыш құрылғының түрі мен қуатын, сондай-ақ, басқа да құрылғылардың болу мүмкіндігін анықтауда. "Лубянка" және "Парк культуры" станцияларында болған жарылыс дерегі бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 205-ші бабы - "Терроризм" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Мәскеу мэрі Юрий Лужковтың хабарлауынша, алдын-ала жорамалға сәйкес, жарылысты екі жанкешті әйел жасаған.

Оның айтуынша, мұнай мәліметті РФ Федералдық қауіпсіздік қызметі берген. Ю. Лужковтың айтуынша, "қамту аймағы мейлінше үлкен болуы үшін" жарылыстар әдейі вагондар станцияға келген сәтте жасалған.

Ю. Лужков еске салып өткендей, алдын-ала мәліметке сәйкес, "Лубянка" станциясында 22 адам қаза тапты, 17 адам зардап шекті. Ал "Парк культуры" станциясында 12 адам қаза тауып, 20 адам жараланған. Қазіргі жағдаймен зардап шеккендер жедел жәрдеммен әкетілді, ал қаза тапқандардың мәйіттері шығарылу үстінде. Оқиға орнында РФ Федералдық қауіпсіздік қызметі, тергеу органдары мен прокуратура өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны