22.04.2008, 10:04 1336

Мәскеуде Қамбарата-2 су электр станциясы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын нақтылауды қарастыратын келісім-шартқа қол қойылды

Мәскеуде Қамбарата-2 су электр станциясы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын нақтылауды қарастыратын келісім-шартқа қол қойылды

Бішкек. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде Қамбарата-2 су электр станциясы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын нақтылауды қарастыратын келісім-шартқа қол қойылды. Осы мақсатта "Электр станциялары" ААҚ арнайы делегациясы Ресей астанасында болып қайтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ААҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің түсіндіруінше, "Қамбарата-2 жалпы жобасын "Ташгидропроект" 90-жылдардың басында-ақ шығарып қойған. Өткен ширек ғасырда материалдардың бір бөлігі ескірген".

"Электр станциялары" ААҚ (бас тапсырыс беруші) мен "Нарынгидроэнергострой" ААҚ (Қамбарата-2 су электр станциясы құрылысының бас мердігері) қолда бар құжатты жаңарту және техникалық жобаны жетілдіру жөніндегі өтінішті тікелей "Ташгидропроектіге" жөнелткен. Алайда, үш айлық келіссөздерден кейін институттың жұмысының көптігіне байланысты қабылданбаған. Жаңа жобалаушы ретінде "Союзгидроспецстрой" корпорациясы (Мәскеу) таңдап алынған. Оның құрамына "Гидроспецпроект" (жер асты жұмыстарына маманданған), "Ленгидропроект" (құрылыс жұмыстары) және басқа да бірлестіктер кіреді. Жоба құны 5 млн АҚШ долларына бағаланғаны да атап өтерлік жағдай. Ол "Ташгидропроект" ұсынған сомадан 2,6 есе аз ($13 млн).

Жаңа серіктестер мынадай уәде берген: жоба жыл соңына дейін аяқталады. Жобалық жұмыстарды пайдалануға беру кестесі де жасалып қойған. Алғашқы нәтижелер мамыр-маусым айларында дайын болады, деп хабарлады "Электр станциялары" ААҚ.

"Электр станцияларының" баспасөз қызметі Қамбарата-2 Нарын өзенінің орта ағысындағы су электр станциялары сатыларының бірі болып табылатынын атап көрсетіп отыр. Станцияның белгіленген қуаты - 360 МВт, электр қуатының жылдық болжамдық өндірісі - 1050-1148 млн кВт/сағат. Нысан 1986 жылы басталған және 2003 жылы құрылысы қайта басталған. Бұл су электр станциясы тек электр қуатының өндірісін жоғарылатып, өңірдің инфрақұрылымын дамытып қана қоймайды. Сондай-ақ, Қамбарата су электр станциялары кешеніне құрылыстық негіздеме құруға мүмкіндік береді. Қазір Қамбарата-2 құрылысына 1200 жұмысшы жұмылдырылған. Бірінші агрегатты іске қосу 2009 жылдың желтоқсанына белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны