08.07.2015, 20:13 3334

Мәскеуде ШЫҰ мүше мемлекеттері денсаулық сақтау министрлерініӊ Кеӊесінде халықтыӊ денсаулығын сақтау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Денсаулық сақтау министрліктері басшыларыныӊ кездесуі барысында халықтыӊ денсаулығын сақтау саласындағы көп жақтық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Мәскеу. 07 Шілде. Kazakhstan Today - Мәскеуде (Ресей Федерациясы) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цойдыӊ, ҚХР Денсаулық сақтау және тууды жоспарлау мемлекеттік комитеті төрағасыныӊ орынбасары Сунь Чжиганныӊ, Қырғыз Республикасыныӊ Денсаулық сақтау министрі С.Батыралиевтіӊ, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрі В.Скворцованыӊ, Тәжікстанныӊ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрініӊ бірінші орынбасары Л.Бобоходжаевтыӊ және т.б. қатысуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше мемлекеттері денсаулық сақтау министрлерініӊ екінші Кеӊесі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Денсаулық сақтау министрліктері басшыларыныӊ кездесуі барысында халықтыӊ денсаулығын сақтау саласындағы көп жақтық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Тараптар ортақ шекара, белсенді көлік қатынасы және миграциялық ағын ШЫҰ мүше мемлекеттері халқы денсаулығыныӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірлескен кешеӊді және үйлесімді іс-әрекеттердіӊ қажеттілігін талап ететіндігін атап өтті. ШЫҰ мүше мемлекеттері денсаулық сақтау министрлерініӊ Қорытынды мәлімдемені талқылау шеӊберінде осы бағытта атқарылатын шаралар белгіленді.

Кеӊестіӊ қорытындысы бойынша Хаттамаға және денсаулық сақтау министрлерініӊ Қорытынды мәлімдемесіне қол қойылды. Онда халық денсаулығыныӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласындағы ұлттық заӊнама туралы ақпаратпен алмасу, ғылыми-практикалық жиындар, форумдар, конференциялар және семинарлар барысында озық тәжірибе мен әдістемелермен бөлісу мақсатында ШЫҰ мүше мемлекеттері денсаулық сақтау жүйелерін реформалауды жалғастыру туралы мәлімдеме жасалды.

Өзбек тарапы келесі кеӊесті 2016 жылдыӊ 1-жартыжылдығында Өзбекстанда өткізу туралы ұсыныс жасады.

Делегациялардыӊ басшылары Ресей Федерациясыныӊ Үкіметіне және Денсаулық сақтау министрлігіне іс-шараны жоғары деӊгейде өткізгені үшін ризашылықтарын білдірді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны