01.07.2015, 11:36 3384

Мәскеуде "Жасампаз. Нұрсұлтан Назарбаев: Ресейден көзқарас" атты кітабыныӊ тұсаукесер рәсімі өтті

Қазақстан Республикасыныӊ Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин Ресейдегі Қазақстан Елшілігініӊ бастамасы бойынша 400-парақтан тұратын жаӊа кітаптыӊ жарыққа шығуына байланысты келесі пікірін айтты, деп хабарлады ҚР РФ-дағы Елшілігі

Астана. 01 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин Ресейдегі Қазақстан Елшілігініӊ бастамасы бойынша 400-парақтан тұратын жаӊа кітаптыӊ жарыққа шығуына байланысты келесі пікірін айтты, деп хабарлады ҚР РФ-дағы Елшілігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан Президенті тәуелсіздікті нығайтудыӊ еӊ күрделі болған алғашқы кезеӊі өткеннен кейін Елбасыныӊ басқару стилін өзгертуін және жаӊа қасиеттер қалыптастыруын талап еткен жаӊа саптағы қауып-қатерлермен кездесуге мәжбүр болды", - Елшініӊ айтуынша. "Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев басқа болып өзгерді. Егер ол бірінші кезеӊде бұрыӊғы экономикалық жүйесін басқару тәжірибесі жеткілікті беделді өӊірлік саясаткер болған болса, екінші кезеӊде ол тәуелсіздікті алған бірақтан қийыншылықтардан белгісіз болашаққа енді ғана асып бара жатқан қоғамныӊ көшбасшысы болғанын көрдік. Қысқаша айтқанда, көшбасшы - жаӊғыртушы", деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Н.И.Назарбаевтыӊ саяси көшбасшылығыныӊ жаӊа қырлары әлемдегі саясаткерлер мен экономистер "Не істейміз?" деген сұрақты тұғызған дүниежүзіндегі туындаған дағдарысты оқиғалармен байланысты соӊғы онжылдық мерзімінде пайда болды.

" Н.И.Назарбаев осы дағдарыстыӊ негізін тереӊ теориялық түсіндірме берген қазіргі әлемніӊ азғана саясаткерлер қатарында болуда. Бірақтан, осымен барлығы шектелген жоқ - Қазақстан қатаӊ және батыл шешімдер қабылдаған арқасында дүниежүзіндегі экономикалардыӊ көбісімен салыстырғанда дағдарыстан аз шығынмен шықты", - деп ерекше назар салды қазақстандық дипломат.

Марат Тәжинніӊ пікірі бойынша, әлемніӊ дағдарыстан кейінгі дамуы мәселесі көшбасшыларынан басқарудағы жаӊа тәсілдемені талап етуде. Қазіргі замаӊ бағалау өлшемдерін жаӊадан өзгертуде. Бірінші қатарға еӊ маӊызды үш ерекшеліктер шығуда.

Біріншіден, ол саясаткерлерден талап етілетін зияткерлік қасиеттерініӊ орта деӊгейі аса жоғарлағаны. Екіншіден, ұлттық инновациялық жобаларды қалыптастыру және іске асыру қабілеттігі, сондай-ақ қойылған мақсаттарға жетуге мәжбүр ететін басқарудағы саяси және экономикалық таӊдаулы топтар алдында кеӊ ауқымды тапсырмалар қою қабілеттігі. Үшіншіден, экономикалық көрсеткіштерініӊ маӊыздылыгына қарамастан, шынайы көшбасшылық болащақта қоғамда болып жатқан саяси, экономикалық, этникалық және дінаралық үдерістері арасындағы теӊгеру шеберлігін талап етеді. Аталмыш қоғамдағы үдерістер бір-біріне жиі қарсы келуде.

"Жалпы айтқанда, қазіргі көшбасшыдан еӊ маӊызды үш қасиет талап етілуде - интеллект, жаӊартпашылық, теӊгерімділік. Қазақстанныӊ көшбасшысы дәл осы үш қасиеттерді көрсетуде", - мәлімдеді Қазақстан Елшісі.

"Бұл кітап - үлкен, мықты ел жайлы, ғарышты бағындыру туралы, ұлттық дипломатияныӊ дүниеге келуі туралы, ядролық сынақтардан және осы қарудан бас тарту туралы, Болашақ мегаполис болатын - Астананыӊ керемет құрылуы, және Еуразия экономикалық кеӊістігініӊ қалыптасқаны туралы .... және еӊ бастысы - мыӊ жылдықтар аралығында өркенделген көпұлтты қазіргі замаӊғы Қазақстан секілді ғажап халықаралық көрінісініӊ пайда болуына тер төккен адам туралы".

Бұл басылым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ жеке қасиеттеріне және қызметіне арналған ресейлік жетекші көсемсөзшілерініӊ, шолушыларыныӊ, халықаралық журналистерініӊ очеркілері кірді.

Кітапқа жазған көсемсөзшілерініӊ арасында - өнер одақтарыныӊ, еӊ ірі басылымдарыныӊ басшылары, жоғары марапаттардыӊ иелері және беделді премиялардыӊ жеӊімпаздары - Всеволод Богданов, Владимир Губарев, Рафаэль Гусейнов, Валерий Симонов, Юрий Батурин, Кирилл Привалов, Леонид Млечин, Николай Долгополов бар.

Олардыӊ барлығын да журналистикадағы үлкен тәжерибеге ие болудан басқа "Ресейдіӊ алтыӊ қаламдары" деген атаққа ие болуы да біріктіруде. Және де - әр автордыӊ Қазақстан Президентіне өте жылы, тілектес және эмоциялық бояуы бар ортақ қатынасы очеркілерінде байқалады. Біреуі Нұрсұлтан Назарбаевты жеке таниды, бір жылдары және түрлі оқиғаларда жүздескен еді. Басқалары кезінде одан сұхбат алған, немесе жылдар бойы еліміз көшбасшысыныӊ жарқын өмірбаянын және көпқырлы қызметін кәсіби зерттеумен айналасқан.

Елбасыныӊ сан қырлығы - "Президент", "Дипломат", "Реформатор", "Полигон", "Космодром", "Союзник", "Земляк" секілді очеркілердіӊ атауында да көрінуде және очеркілерде Қазақстан Президентініӊ ұзақ қызметіндегі еӊ күрделі кезеӊдеріне өте тереӊ публицистикалық көзқарас берілуде.

Салтанатты кеш Қазақстан Президенті Н.И. Назарбаевты "Еӊбегі сіӊген үшін" деген РФ Журналистер одағыныӊ еӊ жоғары наградасымен марапаттау рәсімімен аяқталды.

Қазақстанныӊ Сыртқы істер министрлігі жәрдемімен өткен таныстыру рәсіміне ТМД және бірқатар еуропа елдері дипломатиялық өқілдіктерініӊ басшылары да келіп қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны